Нәзік жанды тәртіп сақшылары

0
189

  Халықаралық әйелдер күніне орайқалалық полициябөлімінде мерекелік жиын өтіп, полиция бөлімінің бастығы Ұлан Садықов ардагер аналарды, қиын да жауапты міндеттің талабынан шығып жүр-ген нәзік жанды полиция қызметкерлерін құттықтады.
Ел тұрғындарының алаңсыз өмірі қоғамдық тәртіпті сақтау қызметімен байланысты. Батылдықты, төзімділікті, жауап-кершілікті қажет ететін осы қызметтің бір қанатында ерлік танытып, ерлермен қатар еңбек етіп жүрген нәзік жандылар құрметке лайық. Мерекелік жиында алдымен, қоғамдық тәртіпті сақтауға үлес қосқан ардагер аналарға сый-құрмет көрсетілді. Жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің штаб инс-пекторы, полиция капитаны Шынар Төребаева ІІ дәрежелі (Ішкі істер органдары қызметінің үздігі) төсбелгімен, тергеу бөлімшесінің аға тергеушісі, полиция майоры Әнтай Қалиева Алматы облыстық полиция департаменті атынан ақшалай сыйлықпен маратталды. Сонымен бірге бір топ нәзік жанды тәртіп сақшылары бөлімшенің ақшалай сыйлығын иеленді. Ардагер полиция қызметкерлері атынан қалалық мәслихат депутаты Гүлнар Қалтайқызы өздеріне деген ізгі құрметке ризашылығын жеткізді.
Ақан ЫРЫМЖАНҰЛЫ

Бөлісу
Share on Facebook
Facebook
Tweet about this on Twitter
Twitter
Share on VK
VK

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Өтінемін, өз пікіріңізді енгізіңіз!
Өтінемін, атыңызды мына жерге енгізіңіз