Елшілдіктің еңсесі биік

0
57

   Щучинск қаласындағы «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығында өткен «Қазақстандық жас патриоттар академиясының күніне» қатысқан №5орта мектебінің ұстаздары мен оқушылары марапатқа ие болды.
Мектептің үздік педагогы, алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі Қайрат Рамазан академия мүшелерімен «Аудио-видео визуалды қабылдауды қолдану арқылы оқушының бойында әскери рухты ояту» тақырыбында, ал мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Эльмира Рамазан «Рухани жаңғыру – патриоттық сана мен құндылықтарды жаңғырту» атты шебер сыныптарын жүргізіп, академияның жақсы бағасына ие болды. Жалпы, бүгінде жас ұрпақты елшіл рухқа баулу ісі өте өзекті. Осы бағытта белсенділігімен көзге түсіп жүрген аталған жарасымды жұптың ізденісті еңбегі ортасына тамаша үлгі-өнеге боларлық. Соның нақты дәлелі, мектептің 10-сынып оқушылары Әмірбек Нуритдинов пен Ұлар Қажет «Жас патриоттар» академиясына қабылданып, ең үздік мастер класс көрсеткені үшін марапатталды.
Ақан ЫРЫМЖАНҰЛЫ

Бөлісу
Share on Facebook
Facebook
Tweet about this on Twitter
Twitter
Share on VK
VK

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Өтінемін, өз пікіріңізді енгізіңіз!
Өтінемін, атыңызды мына жерге енгізіңіз