Әдеп ұстанымы – ұстын

0
46
zhanaru.kz
zhanaru.kz

  Сыбайлас жемқорлық – заман ағысымен бірге мол қаражат және қоғамдық бәсекелестік пайда болған жерлерге тамырын жайып, бүгінгі күнге дейін жойылмай отырған кеселдің бірі.
Жемқорлық дамушы елдердегідей біздің жас мемлекетімізге де орасан зор нұқсан келтіріп отыр.Мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлық қылмыстар және осы тұрғыдағы құқық бұзушылықтарға бой алдыруының себебі күрделі. Оған, ең алдымен қызметшілердің азаматтық жауапкершілігі, әдептілік ұстанымы, заңдық білімі төмен болуы әсер етеді. Елбасы Жолдауында: «Заңды бұзған екенсің, оның баптарына сәйкес жауапқа тартыласың» дейтін нақты ереже бар. Олай болмаған күнде біз кеңестік кездегі «заң қалай бұрсаң, солай бұрылатын тәртенің» керін қайталайтын боламыз»,– деп, заңға бағынудың қажеттілігін атап айтқан болатын. Сондықтан, мемлекетіміздің әрбір азаматы Ата заңымызды арқау еткен барлық заң-ережелерді сақтауға, заңда белгіленген азаматтардың құқықтарын, бостандықтарын, абыройы мен қадір-қасиетін құрметтеуге міндетті. Яғни, жемқорлықпен күресте де заңды – «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заң талаптарын негізге алу, атап айтқанда, кез келген жемқорлық фактілері заң аясында нақтыланып, заң бұзғандар қатаң жазалануы керек. Сол арқылы халықтың заңға деген сенімін, тұтас қоғамның заңсыздыққа қарсылық қуатын жетілдіру арқылы жемқорлықтың жолын кесуге болады.
Ф.АРАПОВА, Текелі қалалық қазынашылық басқармасы басшысының м.а.

Бөлісу
Share on Facebook
Facebook
Tweet about this on Twitter
Twitter
Share on VK
VK

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Өтінемін, өз пікіріңізді енгізіңіз!
Өтінемін, атыңызды мына жерге енгізіңіз