Бала тәрбиесіндегі діннің рөлі

0
52

  Бүгінгі қоғамда діннің рөлі күшті идеологиялық сипат алып тұр. Ал, тәуелсіз еліміздің ертеңгі жарқын болашағы бүгінгі өскелең ұрпақтың қолында екенін ескерсек, ойландыратын да, толғандыратын да мәселелер жеткілікті әрі өте өзекті.
«Ел болам десең, бесігіңді түзе!» демекші, балаға бала деп қарамай, кішкентай күннен бастап, оның елін сүйер бүлдіршін, ұлтын ұлық тұтар ұлан, мақтанышымызға айналар отаншыл азамат болып қалыптасуына бар ынта-жігерімізді жұмсауымыз қажет. Ал, алуан ағымдар мен діннің ықпалы артып тұрған дәуірде балғын жүректерді жат пиғылдардың шеңгеліне ілік-тірмеу қай-қайсымыздың да ең бірінші кезектегі адами парызымыз.
Иә, жарық дүниеде ата-ананың бақыты, қуанышы, арманы бала сүю десек, Алла Тағаладан жақсы перзент беруін тілейді. Сол баланы тәрбиелеу, оны жетілдіру өте маңызды. Дініміз исламда бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөледі. Өйткені, жас жеткіншектерді тәрбиелеу сонау көне заманнан бері күні бүгінге дейін күн тәртібіндегі маңыздылығын жоймаған.Келешегін ойлайтын саналы ел ертеңгі күнін бүгіннен бастап жоспарлап, бүгіннен ойластырары хақ.Сондықтан да, дана халқымыз өскелең ұрпақ тәрбиесіне еш уа-қытта бей-жай қарамаған. «Баланы жастан», «Әке көрген оқ жанар, шеше көрген тон пішер» деген нақыл сөздер осыны айғақтаса керек. Тәрбие мәселесінде, ең алдымен ата-ана жауапты. Мұнан кейінгі жауапкершілік тәрбиеші мен ұстазға артылады. Ата-ана тәрбиеші мен ұстазбен шынайы ізгі қарым-қатынас орнатуға, екі жақ та баламен достық, сырластық сезім қалыптастыруға тиісті. Өзара сенім үйлесім тапқан кезде ғана өнегелік үлгінің мәні артпақ.Бірақ, тәрбие мәселесіне жауаптылар діннің ұлттық салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарынан жоғары тұрмауын ескеру керек. Бала тәрбиесіндегі діннің рөлі дегенде, бұл мәселе біз ойлағаннан да әлдеқайда ауқымды және мемлекет өмірінде де маңызды. Перзентіңізге, ең алдымен ана сүтімен даритын қазақи тәрбие керек. Дініміздің адамгершілікке негізделген ізгі қағидаларын қазақи тәрбиемен үйлестіре отырып ұрпақ бойына дарыту тиіс. Біздің асыл дініміздің өзі алдымен ұрпақ тәрбиесінде ата-анаға аманат жүктейді. Ата-ана өз баласын бұзылмауы үшін оларға жастайынан ақиқатты үйрету, дұрыс жолға тәрбиелеуі керек дейді. Сондықтан, бала тәрбиесі ата-ананың өздерін-өздері тәрбиелеуден, өз-өздерін жақсы халге өзгертуден басталады. Ислам діні бойынша ата-ана балаларына жас кезінен жақсы-жаман, күнә-сауап нәрселерді үйрету, түсіндіру, әрбір іс-әрекетін сол бойынша орындауға дағдыландыру керек. Егер, бала тәрбиесіндегі дін рөліне тоқталатын болсақ, оны бір мақала аясында қамту мүмкін емес. Құран Кәрімнің өзі бір әлем. Құранға түсіктеме берген Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) хадистерінің өзі бір ғылым. Ең бастысы, бал құрақтай өсіп келе жатқан балғын жеткіншектердің санасына дін туралы түсінік енгізгенде, бабалар дәстүрімен сабақтастыра алсақ игі.
Б.ЫҚЫЛАСОВА, ардагерлер ұйымының төрайымы, Текелі қаласының
Құрметті азаматы

Бөлісу
Share on Facebook
Facebook
Tweet about this on Twitter
Twitter
Share on VK
VK

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Өтінемін, өз пікіріңізді енгізіңіз!
Өтінемін, атыңызды мына жерге енгізіңіз