АНА ҚУАНСА, БАЛА ШЫҢДАЛАДЫ

0
187

  Ұлан-байтақ жері бар, ел бастайтын Ері бар, Ерін қостар елі бар Қазақстанның болашағы жарқын деп білемін!
Себебі, жуырда өткен «Нұр Отан» партиясының ХVІІІ сьезінде Елбасы басымдықты әлеуметтік салаға аударып, республикалық бюджет шығындарының 45 пайызы елдің жағдайын жақсартуға бағытталатынын, әлеуметтік жағынан аз қамтылған азаматтарға қолдаудың артатынын жеткізді. Сондай-ақ, көптен бері қоғамда қызу талқыланып жүрген көпбалалы аналарға берілетін жәрдемақыны көбейту бойынша Үкіметке нақты тапсырма жүктеп, оның тез әрі ойдағыдай іске асуын қадағалап тапсырды. Бұл әрбір ананың, әрбір көп-балалы отбасының өміріне үлкен өзгеріс алып келетіні сөзсіз.
Әлеуметтік аз қамтылған отбасылары мен көмекке мұқтаж жандардың, әсіресе, көпбалалы аналардың көңілін дөп бас-қан бұл бастама біздің болашаққа сенімімізді бұрынғыдан да нығайтып, көңілімізді бір көтеріп тастады. Бұл шешімнің әлеуметтік маңызы өте зор. Себебі, мен де қалалық аналар кеңесінің төрайымы ретінде көпбалалы аналардың жағдайына қанықпын. Көпбалалы аналар балаларын қалай асырап, өсіремін деп уайымдайтын еді, міне, бүгінгі таңда әр ананың, баланың болашағы айқындала түс-кендей. Себебі, Елбасы көп бала тәрбиелеп отырған аналарға жасалатын қамқорлықтың жан-жақты болатынын, оларды баспанамен қамту ісіне де жаңа серпін берілетінін айтты.
Бүгінгі жас ұрпақ – егеменді еліміздің ертеңгі болашағы. Оларды отан-шылдыққа, ата-баба дәстүрлерін құрметтейтін елшілдікке, еңбекқор болуға тәрбиелеу ісінде аналардың рөлі зор.
Ана – бүкіл адамзаттың тәрбиешісі. Ана қуанса, бала шыңдалады. Халқымызда «Ат биеден, алып анадан туады» дейтін сөз бар. Елімізді қорғайтын, ел бастайтын болашақ ұрпақтарды тәрбиелеп өсіретін ана болғандықтан, ананың көтеріңкі көңіл күйі баланың тұлға болып қалыптасуында маңызды рөл атқарды.
Демек, ұрпақтарымыздың білімді, денсаулығы мықты азамат болып өсуі үшін әлеуметтік жағдайды жақсартуға баса мән беріп отырған Елбасына алғысымыз шексіз.
Э.ИМАНБЕРДИЕВА, Текелі қаласы аналар кеңесінің төрайымы

Бөлісу
Share on Facebook
Facebook
Tweet about this on Twitter
Twitter
Share on VK
VK

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Өтінемін, өз пікіріңізді енгізіңіз!
Өтінемін, атыңызды мына жерге енгізіңіз