Қайсар аналарға құрмет

0
214

  Аналар мерекесіне орай «Нұр Отан» партиясы Текелі қалалық филиалы «Кедергісіз келешек» партиялық жобасы аясында ерекше күтімді қажет ететін балаларды әрбиелеп отырған аналарға Алматы облысының әкімі Амандық Баталовтың құттықтауын жеткізді.
Жақында өткен партияның XVIII съезінде Мемлекет басшысы еліміздегі көпбалалы аналарға жан-жақты қол-даулар көрсетілетінін айтып, Үкіметке нақты міндеттер жүктеді. Бұл тұтас қоғамның көпбалалы аналарға деген құрметі мен ықыласын еселей түскені шындық. Осы орайда Саяси кеңес бюросының мүшесі Асан Тұрсынғалиев, партияның қалалық филиалының қызмет-керлері ерекше күтімдегі Кәусар Қайнидинова, Нұржан Рахмангулов және Дінмахамбет Нұрмұханбетовтің аналарына «Нұр Отан»партиясы Алматы облыстық филиалының төрағасы А.Баталовтың құттықтауын жеткізіп, мерекелік сыйлықтар табыстады.
Тағдырға мойымай, балаларына мейірім шуағын төккен қайсар аналарға қоғамның құрметі шексіз.
Ақан ЫРЫМЖАНҰЛЫ

Бөлісу
Share on Facebook
Facebook
Tweet about this on Twitter
Twitter
Share on VK
VK

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Өтінемін, өз пікіріңізді енгізіңіз!
Өтінемін, атыңызды мына жерге енгізіңіз