Әйел – тіршілік иесі

0
220

  Әйел – ана, әйел – өмір, әйел – тіршіліктің өзегі. Шынымен, әлемді бір қолымен тербетіп, сұлулығымен жарықтық сыйлап отырған әйел заты қашанда тіршіліктің өзегі болып қала бермек. Қазіргі қылықты қыз, ертеңгі аяулы жар, болашақ ана, ақжаулықты әже екені белгілі. Сондықтан да қазақ халқы ежелден қызды «Ел анасы» деп жастайынан көңіл бөліп, тәрбиелеп, сыйлап, алақандарында аялап өсірген. «Батыр да туған анадан, ақын да туған анадан» демекші, кейіннен сол анадан тәрбие алған ұрпақ батыр да, ақын да болған.
Көктемнің жайма шуақ күнінде, сұлулыққа сұлулықты еселеген 8 наурыз – халықаралық әйелдер күні де келіп жетті. «Әйел – бесік иесі. Демек, әйелдің жай-күйі жақсармай – бесігіміз түзелмейді, бесігіміз түзелмей – еліміздің еңсесі толық көтерілмейді» деп Елбасымыз айтқандай, әйелдерді құрметтеп, тек мереке күндері ғана емес, қарапайым күндері де махаббатқа бөлеп, сыйлап жүрсек, өміріміз одан да сұлу, одан да шуақты болмақ.
Ә.ЕРТАЙ, «Тұран» университетінің 2-курс студенті

Бөлісу
Share on Facebook
Facebook
Tweet about this on Twitter
Twitter
Share on VK
VK

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Өтінемін, өз пікіріңізді енгізіңіз!
Өтінемін, атыңызды мына жерге енгізіңіз