Ана – кеудемдегі жүрегім

0
88

  Жуырда қалалық №4 балабақшада көпбалалы аналардың қатысуымен «Ана – кеудемдегі жүрегім» атты дөңгелек үстел өтті.
Адамзат баласын жарық дүниеге әкеліп, оны бағып-қағып, тәрбиелейтін асыл аналардың қадір-қасиетін арттыру мақсатында ұйымдастырылған шараға балабақша меңгерушісі Жамиля Калимбекова, көпбалалы аналар Жүнісбек Рахат, Ақтоты Теңізбайқызы, Арай Төлегенқызы қатысып, әйел адамның қоғамдағы рөлі, көпбалалы ата-ана болу бақыты, бала тәрбиесі турасында тағылымды әңгімеден сыр шертті. Кездесуді жүргізген қазақ тілі пәнінің мұғалімі Айтолқын Өмірзақова ана туралы жыр оқып, сауалнама жүргізсе, балабақшаның тәтті бүлдіршіндері әсем ән мен мың бұралған билерінен шашу шашты.
Нұржан МАХАББАТҚЫЗЫ

Бөлісу
Share on Facebook
Facebook
Tweet about this on Twitter
Twitter
Share on VK
VK

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Өтінемін, өз пікіріңізді енгізіңіз!
Өтінемін, атыңызды мына жерге енгізіңіз