Қайырым мен мейірім

0
71

   Алғыс айту күніне орай Рудничный ауылындағы №7 орта мектебінде жоспарға сәйкес апталық ұйымдастырылып, танымды іс-шаралар атқарылды.
1наурыз – алғыс айту күніне орайластырылған апталық негізінде салтанатты жиын өтті. Шара барысында мектептің еңбек сіңірген ұстаздары мен ата-аналарына мектеп оқушылары құттықтау тілектерін білдіріп, өздерінің жасаған сыйлықтарын ұсынды. 1-11 сынып оқушыларына «Алғыс білдіремін» тақырыбында өткен тәрбие сағаттарының тәлімдік мәні зор болды. 5-9 сыныптар арасында өткізілген шығарма жазу байқауында Қ.Тілеуберді мен А.Патқолда 1-орын иеленсе, 1-4 сыныптар арасында қолға алынған «Ата-анам – алтын тұғырым» атты суреттер көрмесіне балалар белсене қатысты. 5-11 сыныптар арасында «Алғыс айту – парызым» тақырыбында қабырға газет байқауы тың жобаларды жарыққа шығарды.
Т.АТАЛЫКОВА, №7 орта мектебінің педагог-ұйымдастырушысы

Бөлісу
Share on Facebook
Facebook
Tweet about this on Twitter
Twitter
Share on VK
VK

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Өтінемін, өз пікіріңізді енгізіңіз!
Өтінемін, атыңызды мына жерге енгізіңіз