Жастар жылы – жастарға артылған сенім!

0
518

   2018 жылы 5 қазандағы Жолдауда айтылған Президенттің ұсынысы бойынша биыл «Жастар жылы» болып жарияланды. Жастар – кез келген мемлекеттің ең белсенді бөлігі, қоғамның қозғаушы күші. Сондықтан, ел тірегі жастар екенін әсте естен шығармаған абзал. Қазақстанның әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына кіружолында жастардың атқаратын рөлі зор.
Біз Текелі қаласының жастары жастар жылының салтанатты түрде ашылуының куәсі болдық. Бұл жастарға берілген үлкен сенім мен үміт! Жалпы елімізде жастарға мемлекет тарапынан әрқашан жүйелі қолдау көрсетіліп келеді. Біз бұл қолдауды сезініп отырмыз. Елбасының барлық бастамаларын әрдайым толықтай қолдап, артылған сенім мен үмітті ақтаймыз. Бізге беріліп жатқан мүмкіндіктерді өз дәрежесінде қолданып, инновациялық теxнологияларды дамытуға, руxани жаңғырған ұрпақ болуға уәде береміз.
«Мемлекеттік жастар саясаты туралы» заңда жастар саясатының мақсаты – жастардың рухани, мәдени, білім алып, кәсіби толыққанды дамуы, шешімдер қабылдау процесіне қатысуы, ойдағыдай әлеуметтенуі және олардың әлеуетін одан әрі дамытуға бағыттау үшін жағдайлар жасау екені көрсетілген. Мәселен, білім саласында жас мамандарды ауылға тартуды көздейтін «Дипломмен ауылға» бағдарламасы, шетелде білім алуға мүмкіндік беретін «Болашақ» халықаралық стипендиясы, «Серпін» бағдарламасы жүзеге асырылып келеді.
2014 жылы іске қосылған «Серпін» бағдарламасының мақсаты – еліміздің оңтүс-тігіндегі жастарды кадр тапшылығын көріп отырған солтүстік, шығыс, орталық өңірлерде оқытып, жұмысқа орналастыру. Бұл, бір жағынан, жастар арасындағы жұмыссыздықтың азаюына да септігін тигізеді. Сондай-ақ, «Жұмыспен қамту-2020», «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламалары бар. Ал «StartapBolashak» бизнес-жобалар байқауы ғылым мен технология, инновацияға жақын жас қазақстандықтардың танылуына мүмкіндік береді.
Қорыта айтқанда, ел ертеңі тәрбиелі жастар мен білімді ұрпақтың қолында. Жастар жылы бізді көптеген жаңа бастамаларға бастап, мәңгілік ел болуда жас ұрпақтың рөлін айқындап, жастардың өзін дамытуына үлкен мүмкіндік береді. Еліміздің барлық
жастарына тек сәттілік тілеймін!
Айгерім МЫРЗАБЕРГЕНОВА, Текелі кәсіптік колледжінің жастар ісі жөніндегі
инспекторы

Бөлісу
Share on Facebook
Facebook
Tweet about this on Twitter
Twitter
Share on VK
VK

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Өтінемін, өз пікіріңізді енгізіңіз!
Өтінемін, атыңызды мына жерге енгізіңіз