Туған елге тағзым

0
242

  Жуырда Металлург клубында «Қасиетіңнен айналайын, туған жер!» атты патриоттық әндер кеші өтті.
Жастар жылы аясында Қазақстан Республикасының дін саласындағы мемлекеттік саясатының 2017-2020 жылдарға арналған тұжырым-дамасын іске асыру мақсатында қалалық жастар ресурстық орталығы мен дін істері орталығы мамандары ұйымдастырған шарада іріктеу кезеңінен сүрінбей өткен 14 үміткер бақ сынасып, туған ел мен жерді әсем әуенмен әуелетті. Танымды шараны қорытқан Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, әнші, сазгер Бақберген Асқарбеков пен облыстық дін істері басқармасының дін саласындағы мәселелерді зерттеу орталығының дінтанушысы Ақнұр Еркінқызы қатысушыларға алғыс білдіріп, ел тәуелсіздігінің тұғырлы болуын тіледі.
Қорытындыда Ақерке Ақанқызы «Өнерге жаны құштар жас», Мардана Жұмакелді «Шебер орындаушы», Ақсана Құрбаналиева «Сахналық келбет», Данияр Серғазин «Үздік ән» аталымдарына ие болды. Сондай-ақ, сахна төрінде ел абыройын асқақтатып, көрерменнің жүрегіне ұлттық рухтың бір түйір дәнін еге білген барлық өнерпаздар алғыс хатпен марапатталды.
Нұржан МАХАББАТҚЫЗЫ

Бөлісу
Share on Facebook
Facebook
Tweet about this on Twitter
Twitter
Share on VK
VK

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Өтінемін, өз пікіріңізді енгізіңіз!
Өтінемін, атыңызды мына жерге енгізіңіз