Мейірімге бөлеген қазақ еліне мың алғыс!

0
258

  Елбасының жарлығымен 2016 жылдан бері елімізде 1 наурыз – Алғыс айту күні  аталып келеді. Осы орайда, бекітілген арнайы жоспарға сәйкес қалалық білім ордаларында апталық ұйымдастырылып, бірқатар іс-шаралар атқарылып мерекеленуде.


Атап айтсақ, №1 орта мектебінде «Алғыс айту парызым» атты оқушылар арасында өз өлеңдерін мәнерлеп оқу және «Мен кімге алғыс айтамын?» шығарма-эссе жазу байқаулары өтсе, №2 орта мектебінде рухани байлық сыйлаған салтанатты лездемеде атаулы мерекенің мән-мағынасы жіліктеп түсіндіріліп, «Ата-анам – алтын тұғырым» тақырыбында сурет байқауы ұйымдастырылып, оқушылар алғыстарын білдірген түймедақ жапы-рақшаларынан оның бейнесін жасап шығарды. №3 орта мектебінде «Бәріне алғыс білдіргім келеді» тақырыбында сурет көрмесі безендіріліп, «Бізге алғыс айтуға себеп бар» атты жәшік орналастырылып, балалардың алғыс хаттарын жинаумен ерекшеленді. №5 орта мектеп оқушылары «Жүректен жүрекке» қамқорлық акциясына белсене қатысуда, сондай-ақ, мерекеге арналған «Жүрегіме сурет саламын» көрмесі, әр сынып әр ұлттың салт-дәстүр, мәдениетін паш ететін «Ұлт-ұлысқа ортақ үй – Қазақстан» атты танымдық кеш мереке сәнін арттыра түсті. №6 орта мектебінің оқушылары өз қолдарымен жасаған гүл шоқтарын ұстаздарына тарту етіп, алғыс білдірсе, №7 орта мектебінің жастары «Қайырымды ел» акциясы аясында ардагер ұстаздардың үйіне барып құрмет көрсетті. №4 және №8 орта мектептерінде ұйымдастырылған ұлттық ойындар тартысты, қызықты өтті.
Нұржан МАХАББАТҚЫЗЫ

Бөлісу
Share on Facebook
Facebook
Tweet about this on Twitter
Twitter
Share on VK
VK

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Өтінемін, өз пікіріңізді енгізіңіз!
Өтінемін, атыңызды мына жерге енгізіңіз