Адамзаттың рухани азығы

0
360

   Жақында қалалық №5 орта мектебінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Жақсы кітап – жан азығы» атты танымдық байқау өтті.
Өскелең ұрпақтың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, кітап оқуға саналы түрде баулу мақсатында ұйымдастырылған «Жақсы кітап – жан азығы» атты интеллектуалды байқауға мектеп оқушылары қатысты. Кітап оқитын балалар жоқтың қасы деген сөздің жаңсақтығына осы шара барысында көзіміз жетті. Цифрлық технология арқылы ұйымдастырылған «Ойланып көр» және «Жылдар сөйлейді» кезеңдерінде үміткерлер әдебиет саласына, ақын-жазушылардың өмірі мен шығармашылығына қатысты түрлі сауалдарға жарыса жауап берді. «Шығармамен жұмыс» кезеңінде әр топқа көркем әдебиет үзінділері беріліп, оның тақырыбы мен негізгі идеясын ашу тапсырылды. «Жағдаяттық тапсырма» кезеңінде топ мүшелері түрлі жағдайда қандай іс-әрекетке баратындарын айтып, тапқырлық танытуға тырысты.
Қорытындыда №4 орта мектебінің «Білгірлер» тобы бас жүлдеге лайық деп танылды. №5 орта мектебінің «Тапқырлар» тобы 1-орын, №1 орта мектебінің «Жүйріктер» тобы 2-орын, №8 орта мектебінің «Болашақ» тобы 3-орын иеленіп, мадақтамалармен марапатталды.
Нұржан МАХАББАТҚЫЗЫ

Бөлісу
Share on Facebook
Facebook
Tweet about this on Twitter
Twitter
Share on VK
VK

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Өтінемін, өз пікіріңізді енгізіңіз!
Өтінемін, атыңызды мына жерге енгізіңіз