Әсем ән мен тәтті күй

0
150

Жуырда қалалық №5 орта мектебінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасын жүзеге асыру аясында «Тіл жеткізбегенді үн жеткізеді» атты дәстүрлі ән мен күй кеші ұйымдастырылды.
Шараның мақсаты балалардың өнер-білімге, ән әлеміне қызығушылығын арттыру, салт-дәстүріміз бен ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі сақталуға, ұлттық мәдениетті терең танытып-насихаттау болды. Көне заманнан бері қалыптасқан хал-
қымыздың асыл мұрасы – дәстүрлі ән мен күй өнеріне арналған кешке білім ордаларының өнер десе ішкен асын жерге қоятын талапты да өнерлі ұландары қатысты. Атап айтсақ, С.Нұрлан, А.Нұрлан, А.Қосынғали, Н.Оразақын, Д.Жұмаш сынды жас өрендер құйқылжыта ән салып, күмбірлете күй-ді де төгілтті. Қос ішекті қасиетті домбыраның үні мен халық әндері әуелей шырқалған залда рухтанып, жігерлене түскен көрермен қошеметпен ыстық ықыласын білдіріп жатты. Әсерлі кеш алдымен жас ұрпақтың шығармашылық тұрғыда дамуына, рухани дүниесінің кемелденуіне үлес қосары анық. Дәстүрлі ән мен күй кешін қорытындылаған қалалық Балалар шығармашылық орталығының дәстүрлі ән үйірмесінің жетекшісі Жамила Оразбай балаларға киелі домбыраны серік етіп, ұлттық өнерді дамытуға, насихаттауға қосқан өзіндік үлестері үшін алғыс білдіре келе, әлі де өнерлерін жетілдіріп, дамыта түсу керектігіне маңыз берді. Сондай-ақ, домбыра шертуді үйренемін деушілерге орталықта аптасына екі рет болатын тегін домбыра үйірмесіне шақырды.
Нұржан МАХАББАТҚЫЗЫ

Бөлісу
Share on Facebook
Facebook
Tweet about this on Twitter
Twitter
Share on VK
VK

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Өтінемін, өз пікіріңізді енгізіңіз!
Өтінемін, атыңызды мына жерге енгізіңіз