Әлеуметтік-құқықтық көмек

0
422

Пробация қызметі бас бостандығынан айыруға байланысты емес 6 түрлі жазаны орындайды. Сонымен қатар, бас бостандығынан айыру орындарынан мерзімінен бұрын шартты түрде босатылған сотталған азаматтарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетеді. Сотталған азамат түзеу мекемесінен мерзімінен бұрын шартты түрде босатылғаннан кейін тұрғылықты мекенжайы бойынша аймақтық полиция инспекторының есебіне тұрады.
Аймақтық полиция инспекторы сотталған азаматты өзінің есебіне алғаннан кейін жазаны өтеудің тәртібін және шарттарын толық түсіндіріп әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету мақсатында пробация қызметіне сотталған азаматтың келуін камтамасыз етеді.
Пробация қызметі өз кезегінде сәйкес сотталған азаматтың денсаулық жағдайын, білім деңгейі мен жұмыспен қамтылуын, сондай-ақ, тұрғылықты жерінің бар-жоғын анықтай отырып, сотталған азаматты қоғамға қайта бейімдеу және әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетудің іс-шараларын жүзеге асырады.
М.ЖАҚСЫҒҰЛОВ, Текелі қалалық ПҚБ инспекторы, әділет аға лейтенанты

Бөлісу
Share on Facebook
Facebook
Tweet about this on Twitter
Twitter
Share on VK
VK

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Өтінемін, өз пікіріңізді енгізіңіз!
Өтінемін, атыңызды мына жерге енгізіңіз