Баршаға ортақ іс

0
131
zhanaru.kz
zhanaru.kz

  Сыбайлас жемқорлық – бұл әдетте лауазымды адамның өзінің билік өкілеттіктерін және оған сеніп тапсырылған құқықтарын, бедел, мүмкіндік және жеке басының пайдасы мақсатында байланыстарды пайдалануды білдіретін, заңнамаға және моральдық талаптарға қайшы келетін термин.
Бүгінде сыбайлас жемқорлық біртіндеп мемлекетішілік мәселеден жаһандық мәселеге айналды. Қазіргі таңда барлық елдерде жаңа сын-қатерлерді ескере отырып, сыбайлас жемқор-лыққа қарсы күрестің өз үлгілері қайта қарастырылуда.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы жетілдіру – Бес институционалдық реформаны іске асыру бойынша 100 қадам Ұлт жоспарында бекітілген. Бүгін «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңы деп аталатын мүлдем жаңа заң әрекет етеді, іс жүргізу заңнамасына көптеген түзетулер енгізілді, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық үшін жауапкершілік күшейтілді. Заңнаманың көрсетілген жаңалықтарын іске асыру үшін жаңа мемлекеттік орган құрылды, оның жұмысы сыбайлас жемқорлықты жоюға бағытталған.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» ҚР Заңының 6-бабына сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті өз құзыреті шегінде барлық мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар жүргізуге міндетті.
Текелі қаласының статистика басқармасы

Бөлісу
Share on Facebook
Facebook
Tweet about this on Twitter
Twitter
Share on VK
VK

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Өтінемін, өз пікіріңізді енгізіңіз!
Өтінемін, атыңызды мына жерге енгізіңіз