Жасампаздық бастауы

0
584

Биыл елімізде Жастар жылының жариялануы ерекше оқиға болды. Бұл – үлкен бастама. Жастарға қамқорлықпен қоса зор сенім жүктейді.
Өмірге іңкәр сезіммен қарау, бастамашылдыққа ұмтылу қашанда жастарға тән, жастыққа жарасымды. Жасындай жар-қылдайтын жастық жігердің алмайтын қамалы жоқ. Сондықтан да Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев жастарды қолдап, ел болашағының ертеңгі тізгінін ұстаушылар ретінде биылғы жылды Жастар жылы деп жариялады.
Мен мемлекет қолдауымен Теміртауда «Домна пешінің газшысы» мамандығын меңгердім. Тәуелсіз қазақ еліндегі тұңғыш шойын зауытының құрылысына атсалысқанымды зор мәртебе санаймын. Елбасымызды үлгі тұтып өмір жолымды металлургия саласынан бастағанымды мақтан етемін. Алдыңғы уақытта осы саланың шыңына жетіп, үлкен белестерді бағындырсам деген мақсатым бар. Бұл менің еліміздің металлургия саласының өркендеуіне қосқан үлесім деп білемін.
Ұлт көшбасшысының бізге, яғни, жастарға артқан сенімін ақтап, тапсырмаларын тиянақты орындауға шақырамын!
Әлішер БЕДЕЛБАЕВ, «Текелі кенді қайта өңдеу кешені» ЖШС газшысы

Бөлісу
Share on Facebook
Facebook
Tweet about this on Twitter
Twitter
Share on VK
VK

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Өтінемін, өз пікіріңізді енгізіңіз!
Өтінемін, атыңызды мына жерге енгізіңіз