Түсіндіру жұмыстары маңызды

0
524

   Сенбі күні орталық базарда азаматтардың мәртебесін анықтау бойынша штаб мүшелері бірыңғай жиынтық төлем жөнінде қала тұрғындарына түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Бірыңғай жиынтық төлем механизмі өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар үшін енгізілгенін алға тартқан қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы А.Ысқақова ол жаңа салық түрі емес, бұл төлемнің төрт түрін,
яғни, жеке табыс салығын, әлеуметтік және медициналық сақтандыру қорларына, сондай-ақ, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аударымдар жасауға жағдай туғызатынын баса айтты.
Текеліліктерге БЖТ қандай пайдасы бар, төлемді кім және қалай төлейтіні жазылған ақпараттық парақшалар таратылды.
Н.МАХАББАТҚЫЗЫ

Бөлісу
Share on Facebook
Facebook
Tweet about this on Twitter
Twitter
Share on VK
VK

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Өтінемін, өз пікіріңізді енгізіңіз!
Өтінемін, атыңызды мына жерге енгізіңіз