Шаңғыдан қалалық чемпионат өтті

0
186

   Осы аптада қалалық денешынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен «Металлург» стадионында шаңғы тебуден оқушылар арасында қалалық чемпионат өтті.
Жас санатына қарай 2 топ бойынша қыздар және ұлдар арасында өткен жарысқа қала мектептерінде оқитын, 2001-2005 және 2006-2008 жылы туылған оқушылар қатысты.
Чемпионаттың ашылуына денешынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Бауыржан Тұғылбаев қатысып, спортшыларға жетістіктер тіледі. ОРМБЖМ шаңғыдан жаттықтырушысы Саят Нұрәділов жарыс ережелерімен таныстырды.
Кіші топ бойынша ұлдардан №5 ОМ оқушысы Нұршуақ Салауат, қыздардан №8 ОМ оқушысы Камила Сырлыбаева, үлкен топ бойынша ұлдардан №4 ОМ оқушысы Дамир Әбілқасымов, қыздардан №2 ОМ оқушысы Виктория Алдышова жеңімпаз атанды. Командалық есепте №4 ОМ – 1, №5 ОМ – 2, №2 ОМ 3-орынды иеленді.
Ақан ЫРЫМЖАНҰЛЫ

Бөлісу
Share on Facebook
Facebook
Tweet about this on Twitter
Twitter
Share on VK
VK

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Өтінемін, өз пікіріңізді енгізіңіз!
Өтінемін, атыңызды мына жерге енгізіңіз