Сенім мені серпілтті

0
182

Елбасымыздың биылғы жылды Жастар жылы деп жариялауы жас буынды бір серпілтіп, бойына жігер сыйлағандай.
Біз, Текелі кәсіптік колледжі жастары, аталған бастаманы зор қуанышпен қабылдай отырып, баршаңызды Жастар жылымен шын жүректен құттықтаймыз!
Бізге, жас қазақстандықтарға Мемлекет басшысының сенімі мен үміті ерекше күш-жігер береді. Расында да, Елбасының жыл сайынғы Жолдауларында, басқа да ірі бастамаларында жастар тақырыбы ешқашан ұмыт қалған емес. Соның ішінде жастарға берілетін білімнің сапасы, тәрбиенің дұрыс болуы, жатақханалармен қамтамасыз ету, жұмыспен қамту – барлығы да жүзеге асырылып келеді.
Ұлт көшбасшысы «Жас сарбаз» қозғалысын, студенттер құрылыс отрядтарын жандандыруды айтты. Біздің «Жалын» жас полицей көмекшілері құқықтық тәртіпті қадағалауға атсалысуда. Біз жыл сайын «Жасыл Ел» жасақтарының қатарындамыз. Колледж жастары «Жасыл қала – жасыл ауыл» ұлттық жобасына белсене қатысамыз деп бастама көтереміз.
Жастар жылы – жастардың өзін дамытуына үлкен мүмкіндік. Еліміздің барлық жастарына тек сәттілік тілеймін!
Әлихан РЫСБАЕВ, Текелі кәсіптік колледжінің студенті

Бөлісу
Share on Facebook
Facebook
Tweet about this on Twitter
Twitter
Share on VK
VK

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Өтінемін, өз пікіріңізді енгізіңіз!
Өтінемін, атыңызды мына жерге енгізіңіз