Азаматтық жол – ар жолы

0
429

  Қалалық №5 орта мектебі алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі Қайрат Рамазанның ұйымдастыруымен мектеп бітіретін оқушыларды әскери жоғары оқу орындарына ынталандыру мақсатында әскери ЖОО-да оқып жүрген қала мектептерінің түлектерімен кездесу өтті.
Алдымен сөз алған мектеп директоры Эльмира Иманбердиева Елбасы Жолдауында көрсеткен бағыт пен нақты тапсырмалар, әсіресе, биылғы жылдың «Жастар жылы» болып жариялануы ел жастарының мақсатмұраттарын жүзеге асыруға мол мүмкіндік беретінін алға тартып, барлық ізгі армандарды сәтті іске асыру үшін ең алдымен жақсы білім алу, елшілдік, отаншылдық рухты бойға сіңіру қажеттілігіне маңыз берді.
Кездесуге арнайы шақырылған Ауған соғысының ардагерлері, жеке кәсіпкер Серік Исанов, №4 орта мектебінің алғашқы әскери дайындық пәні мұғалімі Мұқтар Боранбаев әскери өмір адамның тәнін де жанын да шың-дап, ер азаматқа тән мінез қалыптастыруда аса маңызды мектеп екенін айтып, жастарды Отан алдындағы міндетін абыроймен атқару үшін мектеп қабырғасынан әскери спортқа, қатаң тәртіпке бойды дағдыландыруға шақырды.
ҚР ҚК Ақтөбе қаласындағы Т.Бигелдинов атындағы Әуе қорғаныс күштері Әскери институтының ІІ курс курсанты Игілік Тоқтаров, ҚР ТЖМ Көкшетау техникалық институтының ІІ курс курсанты, старшина көмекшісі Ділшат Әділ, осы институттың І курс курсанттары Дінмұхамед Орынбай мен Мирас Сымағұлов ҚР ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының І курс курсанты Бек Іңкарбеков және ҚР ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының І курс курсанты Дамир Нұрқасымов кездесуге келген 9 және 11 сынып оқушыларымен еркін әңгіме өрбітіп, өздері оқып жүрген әскери оқу орындары туралы баяндады, сондай-ақ, оқушылардың қойған сұрақтарына жауап берді.
Мектептің өнерлі оқушылары отаншылдық тақырыбында әндер айтып, болашақ мамандығын еліміздің амандығы мен мемлекетіміздің шекара шебін қорғау саласына арнаған ағаларына қолдау білдірді.

Бөлісу
Share on Facebook
Facebook
Tweet about this on Twitter
Twitter
Share on VK
VK

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Өтінемін, өз пікіріңізді енгізіңіз!
Өтінемін, атыңызды мына жерге енгізіңіз