Туған жер – тұғырың

0
518

 «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Отаным – тағдырым» базалық бағыты негізінде және Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласын кеңінен насихаттау мақсатында №1 орта мектебінде «Жетісу – менің туған өлкем» танымдық байқауы өтті.
Ұлт көшбасшысы Н.Назарбаев «Болашаққа бағ-дар: рухани жаңғыру» атты мақаласында туған жердің мәні мен маңызын ерекше атап өтіп: «Туған жер – әркімнің шыр етіп жерге түскен, бауырында еңбектеп, қаз басқан қасиетті мекені, талай жанның өмір-бақи тұратын өлкесі. Оны қайда жүрсе де, жүрегінің түбінде әлдилеп өтпейтін жан баласы болмайды», – деген еді.
Жас ұрпақты Отанын сүйіп, туған жерінің тарихын зерделеп, оны қастерлей білуге тәрбиелеу, елін, жерін қорғай алатын нағыз патриот, өз ойын толық жеткізе алатын сауатты тұлға ретінде қалыптастыруды мақсат тұтқан білім бәсекесіне қала мектептерінің 7-сынып оқушылары қатысты.
Жетісу тарихы, Жетісу өңірінің өсімдіктері мен жануарлары, Текелі қаласы, Жетісу табиғаты сынды тақырыптар бойынша түрлі қызықты сауалдарға жауап іздеген балалар намысты қолдан бермей, әрқайсысы үздік атануға талпынып бақты.
Нәтижесінде, №5 орта мектебінің «Ұлан» тобы бас жүлдеге лайық деп танылса, №1 орта мектебінің «Жетісу» тобы 1-орын, №4 орта мектебінің «Жас өлкетанушылар» тобы 2-орын, №8 орта мектебінің «Сұңқар» тобы 3-орын иеленді.
Барлық жүлдегерлер грамоталармен марапатталды.

Бөлісу
Share on Facebook
Facebook
Tweet about this on Twitter
Twitter
Share on VK
VK

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Өтінемін, өз пікіріңізді енгізіңіз!
Өтінемін, атыңызды мына жерге енгізіңіз