«Қайырымдылық керуені» республикалық байқауы

0
246

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасының Қоры, Қазақстанның Іскер әйелдер қауым-дастығы және «Хабар» Агенттігі-нің бірлескен «Қайырымдылық керуені» республикалық байқауы жалғасуда. Ақпараттық қолдаушы – «КТК» телеарнасы.
Жобаның мақсаты – қайырымдылық идеяларын дәріптеу, белсенді азаматтық бастамаларды дамыту.
Байқауға әлеуметтік, қоғамдық проб-лемаларды шешуге және өздерінің жомарттығымен басқаларды мейірім-ділікке ынталандыруға үлес қосып жүрген жеке және заңды тұлғалар қатыса алады.
2018 жылғы қарашадан бастап 2019 жылғы ақпанға дейінгі кезеңде еліміз-дің барлық өңірінде конкурсанттарды іріктеу жұмысы жүргізіледі. Конкурс жеңімпаздарының есімдері ақпанның соңында – Алғыс айту күні мере-
кесінің қарсаңында белгілі болады.
Лауреаттар бес номинация бойынша анықталады:
– «Асар» (номинация халықтың салт-дәстүрімен байланысты қайырымдылық қызмет көрсететін адамдарға қолдау көрсетуге бағытталған);
– «Туған жер» (білім беру, экология және көріктендіру саласында туған өлкеге көмек көрсететін адамдарға беріледі);
– «Мейірім жолында» (аталымға ерікті негізде және тегін көмек көрсететін, игі істер атқаратын адамдар ие болады);
– «Батыл жүрек» (номинация ерлік іс жасаған, жанкештілік танытқан адамға қолдау көрсету мақсатында тағайындалады);
– «Қайырымдылық тарихы» (номинация БАҚ-та қайырымдылық тақырыбын қозғайтын, қоғамның назарын әлеуметтік проблемаларға аудартатын материалдардың жария-
лануын қамтамасыз ететін журналистерге немесе шығармашылық ұжымға беріледі).
Конкурсқа кәсіпкерлік субъектілері және қайырымдылық қызметті мем-лекеттік қолдау арқылы жүргізетін тұлғалар (мемлекеттік грант, мем-
лекеттік тапсырыс және т.б.) қатыс-тырылмайды.

Бөлісу
Share on Facebook
Facebook
Tweet about this on Twitter
Twitter
Share on VK
VK

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Өтінемін, өз пікіріңізді енгізіңіз!
Өтінемін, атыңызды мына жерге енгізіңіз