Үздіктер марапатталды

0
132

  Бүгін Тәуелсіздік алаңында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні және 2019 Жаңа жылды мерекелеуге арналған қала әкімінің жүлдесі үшін қаладағы шағын және орта бизнес нысандарын, мекеме, кәсіпорын ғимараттарын және оған қарасты аумақты ең үздік мерекелік безендіру байқауы қорытындыланып, жеңімпаздар марапатталды.

 

 

 

 

 

Нәтижесінде, байқаудың бас жүлдесіне «Шапағат» арнаулы әлеуметтік көмек көрсету орталығы лайық деп танылды. Текелі кәсіптік колледжі 1-орын, №1 орта мектебі 2-орын және №3 балабақша 3-орынға ие болды. №6 орта мектебі, №8 орта мектебі және қалалық балалар мен жасөспірімдерге арналған туристік және өлкетану орталығы алғыс хаттармен марапатталды.

 

 

 

 

 

 

Сондай-ақ, қалалық Ардагерлер ұйымының төрайымы, ардагер ұстаз Бақыт Ықыласоваға Текелі қаласының Құрметті азаматы лентасы мен белгісі табысталды.

 

Бөлісу
Share on Facebook
Facebook
Tweet about this on Twitter
Twitter
Share on VK
VK

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Өтінемін, өз пікіріңізді енгізіңіз!
Өтінемін, атыңызды мына жерге енгізіңіз