Салық саласындағы сандық жүйе жағдайы

0
256

  Өзара тығыз әріптестік және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруда, азаматтардың, заңды тұлғалардың кәсіпкерлік қызметінде, құқықтарын сақтауға ықпал ететін салықтық құқықтық қатынастар, әкімшілік кедергілерді төмендетудің тиімді шараларының бірі — сапалы мемлекеттік қызмет көрсету болып табылады.
Агенттік Төрағасы Алик Шпекбаев Талдықорған қалалық мемлекеттік кірістер Департаментінің осы бағыттағы жұмыстарымен танысты.
Бүгінгі таңда мемлекеттік кірістер органдарымен 48 мемлекеттік қызмет түрлері көрсетіледі, оның ішінде 32 қызмет автоматтандырылған.
Электрондық қызмет көрсету динамикасы да жыл сайын артып келеді.
Мысалы, Талдықорған қаласында 2016 жылы көрсетілген қызметтің үлесі электрондық түрде 90,3% құраған, 2017 жылы – 91,5% және ағымдағы кезеңде 2018 жылы – 92,7 % немесе 182 106 қызмет көрсетілді.
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын көтеру мақсатында келесі іс-шаралар қабылданды.
— салық төлеушінің терминалы жұмыс істейді, ол жерде «салық төлеушінің Кабинеті» қызметін пайдалана алады, яғни көрсетілетін қызметтер терминалдарда тегін жүргізіледі;
— қызмет көрсету орталықтары жұмыс істейді, осы жерде веб-камералар орнатылған, ол мониторинг қызметін жүргізуге, қызметкерлердің кәсіби этикасының дәрежесін бақылау, сондай-ақ сыбайлас жемқорлықтың деңгейін төмендетуге мүмкіндік береді;
— модераторлар қызметі, ол салық төлеушілерге жедел консультациялық көмек көрсету, сондай-ақ, нысандардың уақтылы және дұрыс толтырылғандығын текесере отырып, керекті салықтық өтінімдерді ұсынады;
— кезекті электронды басқару жүйесінің қызметі іске қосылған.
Агенттік басшысы мемлекеттік кірістер ұйымында қызметтің қолжетімділігі мен мемлекеттік қызметтің сапасы, сыбайлас жемқорлықтың деңгейін төмендету сұрақтарына тоқталып өтеді.

Бөлісу
Share on Facebook
Facebook
Tweet about this on Twitter
Twitter
Share on VK
VK

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Өтінемін, өз пікіріңізді енгізіңіз!
Өтінемін, атыңызды мына жерге енгізіңіз