Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Төрағасы Алик Жатқамбайұлы Шпекбаевтың Алматы облысына іссапары бойынша пресс-релиз

0
597

    А. Шпекбаев: «Құлқынның құлын» барлық мемлекеттік қызметшілер көруі тиіс»
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Төрағасы Алик Жатқамбайұлы Шпекбаевтың 2018 жылғы 25-26 желтоқсан күндері Алматы облысында іссапармен болды.
Ең алдымен, Агенттік Төрағасы облыстың мемлекеттік қызметшілерімен және университет студенттерімен бірге Талдықорған қаласында жаңадан бой көтерген Бикен Римова атындағы драма театрында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптағы болған оқиға ізімен жазылған «Құлқынның құлы» драмасын тамашалады.
Қойылым соңында көрермендер алдына шыққан Агенттік Төрағасы А. Шпекбаев: «Бүгінгі қойылым сыбайлас жемқорлықтың қаншалықты зардабы көп құбылыс екендігін, қоғамға теріс әсері тиетінін ашып көрсетті. Шеберлікпен сомдалған рөлдер әр адамды ойландырғаны сөзсіз. «Құлқынның құлын» барлық мемлекеттік қызметшілер көруі тиіс», — деп айтты.
Сондай-ақ, театр ұжымына ықылас гүлі мен театр ұжымының белсенді өкілдеріне Алғыс хат табыс етті.

Бөлісу
Share on Facebook
Facebook
Tweet about this on Twitter
Twitter
Share on VK
VK

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Өтінемін, өз пікіріңізді енгізіңіз!
Өтінемін, атыңызды мына жерге енгізіңіз