Алматы облысында «Жетісу – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің таныстырылымы өтті

0
257

   2018 жылғы 26 желтоқсан күні Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Төрағасы Алик Жатқамбайұлы Шпекбаевтың Алматы облысына ресми іссапарының негізгі кезеңі – «Жетісу – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің таныстырылымы өтті.
Жобаның жаппай еліміздің барлық аумағында жүзеге асырылуы Мемлекет басшысының 2018 жылғы 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауы аясында өтуде.
«Жетісу – адалдық алаңы» жобасының миссиясы – сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету, жалпықоғамдық төзбеушілік қалыптастыру, Алматы облысының мемлекеттік басқару институтына азаматтардың сенімін арттыру болып табылады.
Жоба аясында облыс әкімдігі ғимаратында арнайы кеңсе ашылып, ол жерде облыстағы орталық мемлекеттік органдар және жергілікті атқарушы органдар қызметкерлерінен, азаматтық қоғам өкілдерінен құрылған жобалық топтар жұмысын жүргізеді.
Жобаның аясында жүзеге асатын басым бағыттар бойынша топ жетекшілері Алик Жатқамбайұлымен алдағы жұмыс жоспарларымен бөлісіп, бүгінгі күні қол жеткізген нәтижелерімен таныстырып өтті.
А.Шпекбаев денсаулық сақтау және білім беру, полиция қызметі мен салық саласындағы цифрландыру жұмыстарын тыңдап, оң бағасын берді.
Шара соңында салтанатты түрде Агенттік Төрағасы мен облыс әкімі «Жетісу – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің Жарғысына қол қойды.
Бұдан кейін А.Шпекбаев Жетісу жерінің активімен және қоғам белсенділерімен кездесті.
Кездесу барысында: «Бүгінгі мемлекеттік қызмет инновациялық даму жолында. Мемлекеттік қызметші ел сенімін селкеу түсірмей, міндетін мінсіз атқару тиіс. Агенттік тарапынан сыбайлас жемқорлықпен күрес бағытында басты назар олардың салдарын жоюға қойылып отыр. Қылмыстық іс қозғап, қамауға алу – бұл тек бір тұлғаға қолданылатын, реттік шара. Ал сыбайластықсыз қоғам құрғымыз келсе, бірлесе жұмыс атқарып, жемқорлықтың тәуекелдері мен себептерін азайтып, жоюға ат салысуымыз қажет», — деді.
Сондай-ақ, актив алдында Агенттіктің Алматы облысы бойынша Департаментінің басшысы Серікбай Нұрғисаев және Астана қаласы бойынша департаментінің басшысы Жазира Жылқышиева да сөз сөйледі.

Бөлісу
Share on Facebook
Facebook
Tweet about this on Twitter
Twitter
Share on VK
VK

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Өтінемін, өз пікіріңізді енгізіңіз!
Өтінемін, атыңызды мына жерге енгізіңіз