Алик Шпекбаев: «Үштөбе қаласы әкімінің тәжірибесі республикаға үлгі болуы керек»

0
599

  Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Төрағасы Алик Жатқамбайұлы Шпекбаев Алматы облысына іссапары барысында 2018 жылғы 26 желтоқсан күні мемлекеттік қызметті алушыларға жайлы жағдайлар жасау мен азаматтардың цифрлық сауаттылығын арттыру мақсатында іске қосылған Қаратал ауданы Үштөбе қаласындағы «Сервистік әкімдіктің» жұмысымен танысты.
«Сервистік әкімдік» жобасының қағидалары мемлекеттік қызметтерді көрсететін мекемелерді бір жерде шоғырландыру мен азаматтарға ыңғайлы жағдайлар жасауға негізделген. «Сервистік әкімдік» азаматтармен тығыз байланыста жұмыс жасауға және тұрғындарға қаланың түкпір-түкпірінде орналасқан бөлімдерді іздемей-ақ мемлекеттік қызметтерді бір ғимараттан алуға мүмкіндік береді.
Агенттік Төрағасының аса мән берген тұсы – Үштөбе қаласының жұмыс кабинеті болды. Өйткені, қала әкімі стандартты жұмыс кабинетінен бас тартып, қалалық бөлімдер мамандарымен бірге ашық алаңда орналасқан кабинетке көшкен.
Бұндай көрініске куә болған Агенттік Төрағасы бұл бастаманың басқа да мемлекеттік мекеме басшыларымен қолға алынуы тиіс деп атап өтті.
Өз сөзінде: «Өзгерісті өзіңнен бастаудың нағыз көрінісі – осы. «Әкім бол, халқыңа жақын бол» деген қағиданың іс жүзінде орындалғанын көріп тұрмын. Үштөбе қаласы әкімінің тәжірибесі республикаға үлгі болуы керек», — деді.
«Сервистік әкімдік» жобасымен танысудан кейін, Агенттік Төрағасы Қаратал ауданының халқымен кездесті.

Бөлісу
Share on Facebook
Facebook
Tweet about this on Twitter
Twitter
Share on VK
VK

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Өтінемін, өз пікіріңізді енгізіңіз!
Өтінемін, атыңызды мына жерге енгізіңіз