Агенттік Төрағасы Алик Шпекбаев Алматы облысындағы денсаулық сақтау саласының қолжетімділігіне баға берді

0
81

  Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Төрағасы Алик Жатқамбайұлы Шпекбаевтың Алматы облысына ресми іссапары кезінде Талдықорған қалалық көпсалалы ауруханасына барды.
Ол жерде облыстық денсаулық сақтау басқармасы Алматы облысы бойынша Департаметімен бірлесе, азаматтардың денсаулық сақтау саласында кедергісіз қызмет алуы үшін және жайлы жағдай жасау бойынша жүргізілген жүйелі жұмыстар нәтижесімен, атап айтқанда, «Жетісу – адалдық алаңы» жобасын жүзеге асыру аясында медициналық қызметтерді цифрландыру бойынша үлкен жұмыс жүргізілді, олардың арасында келесі жетістіктерімен, оның ішінде Талдықорған қалалық көпсалалы ауруханада қатерлі ісікті ерте анықтау орталығымен танысты. Орталықтың ерекшелігі — қала мен ауыл арасындағы жол қашықтығы, мамандар тапшылығынан туындайтын онкологиялық ауруларды дер кезінде анықтау кедергі жойылғандығымен танысты. Алдағы уақытта жағдаяттық орталық халықаралық озық тәжірибелер арқылы аурудың алдын алуға негіз болмақ. Заманауи құрылғымен жабдықталған аталмыш орталық облыстағы 13 медициналық мекемені цифрлық жүйе арқылы біріктірген.
Мұнда компьютерлік диагностика, магниттік-резонанстық томография, рентген, маммография сынды зерттеулердің қорытындылары шығарылады. Компьютер арқылы қатерлі ісіктің алғашқы сатыларын, яғни 1 миллиметрден бастап анықтауға мүмкіндік мол. Науқас көп уақытын жоғалтып алмауы үшін тіпті дәрігерлер смартфон арқылы да тексеріп, көмек көрсете алады.

Бөлісу
Share on Facebook
Facebook
Tweet about this on Twitter
Twitter
Share on VK
VK

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Өтінемін, өз пікіріңізді енгізіңіз!
Өтінемін, атыңызды мына жерге енгізіңіз