2019 жылға арналған жұлдыз жорамал

0
303
big-kulinar.ru

   2019 доңыз жылының келуіне де санаулы күндер қалды. Сарапшылардың пікірінше, 2019 жылға арналған жұлдыз жорамал физикалық және эмоционалдық деңгейде жақындық, алаңсыз және прагматизмді жыл болады деп уәде етеді. Доңыз жылында бұрынғы одақтардың қалыпқа келуін және жаңа адамдармен одақтастық құруды күтуге болады. Астрологтардың айтуынша, доңыз жылы қайсарлық пен жігерлілік танытатындарды қолдайды. Тиісінше, өзгерістерден қорықпайтын адамдарды қызықты оқиғалар күтеді. 2019 жыл жұлдыз белгілерінің ішінде шаян, сары шаян және балықтар үшін сәтті болмақ. Сондай-ақ, торпақ пен арыстандарға және суқұйғыштарға да бақ қонады деп болжанады.
Тоқты
2019 жылы тоқтыларды көптеген қызықты мүмкіндіктер күтіп тұр. Астрологтар осы жұлдыз белгісінің өкілдері махаббат мен бизнесте және шығармашылықта табысқа жетеді деп болжайды. Жаңа мүмкіндіктің арқасында тоқтылар қосымша сенімділік пен табандылыққа ие болады.
Сондай-ақ, 2019 жыл тоқтыларда достар мен одақтастардың қарасының кеңеюімен сипатталады. Бұл белгі өкілдері сүйкімділігінің арқасында жиі көпшіліктіктің назарында болады.
2019 жылы тоқтыларда қуанышты сәттермен қатар, қиындықтар да болуы мүмкін. Астрологтар оларға қаржы жағынан мұқият болуды ескертеді. Себебі, осы кезеңде тоқтылар өте ысырапшыл болуы мүмкін.
Торпақ
Торпақтар 2019 жылы өз отбасына мүмкіндігінше көп көңіл бөлуі керек. Астрологтар бұл жұлдыз белгісінің өкілдеріне 2019 жылы балаларына көп қамқорлық жасап, баласының тәрбиесі мен біліміне көңіл бөліп, отбасылық ұяға жайлылық қосып, сүйіктісін одан әрі бақытты етуді ұсынады.
Келесі жыл тоқтыларда отбасы үшін ең қолайлы жыл болмақ. Ал әлі де өз махаббатын таппаған осы белгінің өкілдері отбасымен және достарымен көп уақыт өткізуі керек. Себебі, астрологтар көктемде торпақтарда басшылықпен түсініспеушілік болуы мүмкін деп болжайды.
Бірақ, кейбір шағын түсініспеушіліктерге қарамастан, тоқтылар 2019 жылы бизнес пен қарым-қатынаста табысқа жетеді.
Егіздер
Еңбекқорлығы мен адалдығы және жауапкершілігі үшін 2019 жылы егіздер барлық салада табысқа қол жеткізеді. Бұл белгі өкілдерінің махаббатта, бизнесте және отбасы мәселесінде жолы болады. 2019 жылдың басында-ақ, егіздер өткен жылдан қалған барлық мәселелерді шешіп, жаңа жоспарларды жүзеге асыруға дайын болады.
Қаржы саласындағы жетістіктердің арқасында егіздер әртүрлі алаяқтар үшін магнит болады. Сондықтан, астрологтар бұл белгінің өкілдеріне аса сақ және абай болуға кеңес береді. Сондай-ақ, махаббат майданында да осындай сақтықты ұстау керек. Өйткені, 2019 жылы екінші жартыңызды кездестіруге көп мүмкіндік беріледі.
Шаян
2019 жылы шаяндарда денсаулық бірінші орында болады. Осы белгінің өкілдеріне ақыр соңында, басқа адамдарға ғана емес, өзіне де қамқорлық жасауға уақыт келді. 2019 жылы шаяндар өмір салтын қайта қарастыратын болмақ. Олар спортпен шұғылданып, дұрыс тамақтана бастайды.
Сондай-ақ, келесі жылы жаңа және жарқын әсерлерге толы болады. Ал бұл белгінің көптеген өкілдері үшін ақша басты мәселе болуын доғарады. Себебі, доңыз жылы қаржы саласында табысқа жетуге жағдай жасайды. Сондай-ақ, астрологтар шаяндарға жақындарына көбірек назар аударуға және жайлы үй жағдайын жасауға кеңес береді.
Арыстан
Егер арыстандар 2019 жылы барлық оқиғалардың эпицентрінде болудан қорықпаса, олар үлкен жетістіктерге жетеді. Сондай-ақ, бұл жұлдыз белгілерін ішкі өсу мен көпшіліктің назарында болу мүмкіндігі күтіп тұр.
Алдағы жылы олардың беделі өсіп, алда жүреді. Бірақ, негатив пен агрессия танытудан аулақ болуыңыз керек, өйткені бұл барлық эмоциялар арыстандарға молынан оралады. 2019 жылы арыстандардың жарқын жүзділігі мен ақкөңілділігі көп сәттілік әкеледі.
Тұтастай алғанда, астрологтар арыстандарды көптеген жаңа танысулар мен тиімді ұсыныстар күтіп тұр деген болжам жасауда.
Бикеш
2019 жыл бикештер үшін де сәтті жыл болады. Көптеген мүмкіндіктерге ие болған бикештер жалқаулықтан толығымен бас тартуға және еңбекқорлыққа мұқтаж. Келесі жылы бұл белгінің өкілдері көп жұмыс күтіп тұр. Сондықтан, астрологтар бір мүмкіндікті де жібермеу үшін батыл және үнемі мұқият болуға кеңес береді.
Махаббат мәселелерінде бикештерге әдептілік пен әдепсіздік арасындағы ортаны табуға кеңес беріледі. Сондай-ақ, 2019 жылда бикешкерге ықылас білдірушілер көп болады. Сонымен қатар, қалағаныңызға ақша шаша бермей, қаржы тұрғысынан да мұқият болуыңыз керек.
Таразы
Аз ойлап – көп әрекет ету! Таразылар 2019 жылы осы ұранды ұстануы керек. Шындығында, мүмкіндіктер көп болса, ойлануға көп уақыт болмайды. Бірақ, бұл осы белгінің өкілдеріне сақтанудың қажеті жоқ дегенді білдірмейді. Өйткені, өздеріңіз білетіндей сақтықтың ешқашан артықтығы жоқ.
2019 жылдың ішінде таразылар жұмыс пен бизнесте көптеген қызығарлық ұсыныстар алады. 2019 жылы отбасылы таразылар туыстарымен жылы-жарқын арасып, жан тыныштығын табады.
Сары шаян
2019 жыл сары шаяндар үшін табысты болуға уәде етеді. 2019 жыл осы жұлдыз белгілерінің барлық өкілдерінің дұшпанына сәтсіз жыл болмақ. 2019 жылы сары шаяндардың барлық жағымды мүмкіндіктері белсенді болады.
Ал, сары шаяндар неғұрлым көп кедергілерге тап болса, олар соғұрлым күшті болады. Жалпы алғанда, доңыз жылы өте табысты болуы тиіс. Сондай-ақ, сары шаянның өздері күш-қуат пен белсенділікке ие болып, бизнесте табысқа жетеді.
Бірақ, сары шаяндардың жеке өмірінде сәтсіздік орын алуы мүмкін. Астрологтардың айтуынша, мүмкін емес нәрселерді талап етпейтін сары шаяндар екінші жартысын оңай таба алады.
Мерген
2019 жылы мергендер оң өзгерістердің нәтижесі ретінде эмоционалды жоғары сезімге ие болады. Келесі жылы мергендер үшін жағымды жаңалықтарға толы болады. Жеке өмірдегі жетістіктер тіпті кәсіби саладағы мәселелерді де жеңе алады. 2018 жылға қарағанда, мергендер 2019 жылы өз мансабына және басқаларға көбірек көңіл бөледі. Алайда, астрологтар мергендерде кәсіптік салада үлкен өзгерістер болмайды деп болжайды.
Мергендер үшін басты артықшылық тілтабысқыштығының өсуі. Бұл белгінің өкілдері жаңа достар мен серіктестерді оңай таба алады және кез келген идеялар табысты жүзеге асуға мүмкіндік алады.
Тауешкі
Қабан жылы тауешкілер үшін жағымды тосынсыйларға толы болады. Қаржы мәселесінде және жеке өмірде де кенеттен өзгерістер болуы мүмкін. Сондай-ақ, келесі жылы болашақта мансаптық тұрғыда өсуге көмектесетін көптеген жаңа адамдармен танысасыз. 2019 жылы махаббат майданында да табысқа жету үшін қолайлы жағдайлар жасалады.
Бірақ, астрологтар табысқа және жаңа жетістіктерге жету жолында тауешкілер денсаулығын құртып алуы мүмкін деп сақтандырады. Сондықтан бұл белгінің өкілдері денсаулығына көбірек уақыт бөлуі керек.
Суқұйғыш
2019 жылы суқұйғыш өз табиғатына байланысты бірқатар шағын мәселелерге тап болуы мүмкін. Ал ондай мәселелерді туыстары шешуге көмектесетін болады. Бірақ соған қарамастан, оларды көптеген жағымды оқиғалар күтіп тұр. Астрологтар келесі жылы қызықты оқиғалар мен жарқын эмоцияларға толы жыл болады деп болжайды.
Позитивті көзқарас суқұйғыштарды көптеген адамдармен жақындастырады. Жалпы, осы белгі өкілдері келесі жылды жақын достарының ортасында өткізеді.
Балықтар
Астрологтардың сөзіне сүйенсек, балықтар келесі жылды өз мақсаттарына қол жеткізуге арнайды. 2019 жылы пайдалы нәрселер жайлы қиялдайтын балықтар сөзсіз, табысқа жетеді. Әсіресе, шығармашыл балықтар үшін қолайлы жағдайлар көп туады. Ал, балықтар жаңа идеялары түсіністікпен, басшылықтың қолдауының арқасында таба алады.
Келесі жылы қаржылық жағынан табысты болатынымен, балықтар ақшаны бекер далаға шашпай, сақ болуы тиіс. Себебі, бұл белгінің өкілдері күтпеген жерден қомақты сома жұмсап, үлкен заттар салып алуы мүмкін.
Дереккөз: Stan.kz

Бөлісу
Share on Facebook
Facebook
Tweet about this on Twitter
Twitter
Share on VK
VK

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Өтінемін, өз пікіріңізді енгізіңіз!
Өтінемін, атыңызды мына жерге енгізіңіз