ТҰРАҚТЫ ӨРЛЕУ БЕЛЕСІ

0
272

 Текелі қаласының әкімі Бахтияр Әлтайұлы Өнербаевтың тұрғындар алдындағы есебінің тезисі
Өткен жылғы қаланың әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері және алдағы дамуының негізгі бағыттары мен міндеттері туралы тұрғындарды алдын-ала ақпараттандыру мақсатында қала әкімі баяндамасының тезистері жарияланады.
2018 жылғы қаңтарда қала тұрғындарымен 5 есептік кездесу өткізілді. Есептік кездесулер барысындағы сыни ескертпелер мен ұсыныстарды жүзеге асыру бойынша бірқатар жұмыстар атқарылды.
Жоспар әзірленіп, бекітілді. Жоспарланған 10 шараның барлығы дер кезінде орындалды.
Қала әкімдігінің 2018 жылғы жұмысы негізінен әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталып, оң динамика байқалады.
2018 жылы қала халқының саны 33,1 мың адам, көші-қон сальдосы 200 адамды құрады.
Ағымдағы жылдың 11 айында мемлекеттік бюджетке 2388,9 млн теңге түсіп, болжам 98,3% орындалды. Оның ішінде: республикалық бюджетке 1419,6 млн теңге (95,8%), жергілікті бюджетке 969,3 млн теңге (102,4%), оның ішінде 311,1 млн теңге (105,7%) қалалық бюджетке түсті.
1 желтоқсандағы жергілікті бюджеттің шығысы 3061,4 млн теңгені құрап, 96,6% орындалды.
Өнеркәсіп өнімінің өндіріс көлемі 17,8 млрд теңгені, физикалық көлем индексі 114,5% құрады.
«Инновациялық технологиялар бойынша темір кенін шығару және өңдеу арқылы шойын өндірісі» «Bapy Mining» ЖШС «зәкірлі» жобасының жүзеге асырылуы жалғасуда. Жобаны іске асырудан бастап 8948,0 млн теңге игерілді, оның ішінде 2018 жылы 1277,8 млн теңге игерілді.
2018 жылдың 1 желтоқсанына байыту фабрикасымен агломераттау іске қосылды, физикалық және химиялық сынақтар және агломерациялық талдау жүргізілуде, агломерациялық машина-сының белдеуіндегі кен дозасы
жолға қойылды. Ағымдағы жылдың қазан айында өндіріс іске қосылып, 4,0 мың тонна шойын өндірілді (тауарлық емес), себебі, барлық жабдықтар реттеу және апробациялау сатысында тұр. Кәсіпорында 880 адам жұмыс істейді.
2018 жылы «Аrt-kz» ЖШС-нің құрғақ құрылыс қоспаларын шығаратын кәсіпорынның кеңеюіне байланысты қосымша 15 жұмыс орны ашылды, инвестиция көлемі 27,0 млн теңгені құрады.
Өндіріс көлемін ұлғайту мақ-сатында қаланың статистика басқармасымен бірлесе отырып, қаланың өнеркәсіптік кәсіпорындарының 2018 жылға күтілетін өндіріс көлеміне талдау жүргізілді.
«Tekeli Орталық Aзия жиһаз компаниясы» ЖШС заманауи жиһаз өндіруші компаниясы сынды жобаларды іске асыру жалғасуда, инвестициялардың көлемі 100 млн теңге, 25 жаңа жұмыс орны ашылмақ. Осы жобаны іске асыру үшін өз қаражатының жетіспеушілігіне байланысты жиһаз фабрикасының құрылысы 2019 жылға жылжытылды. Қазіргі уақытта жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы бойынша несиенің құжаттары екінші деңгейдегі банкпен мақұлданды, 2018 жылы 15 қарашада 15,6 млн теңге несие берілді.
Сондай-ақ, қаржыландырудың арқасында «Текелі әк зауыты» ЖШС-нің әк зауытын іске қосу 2019 жылға ауыстырылып, негізгі қорларға салынатын инвестиция көлемі 90,0 млн теңгені құрады, 20 жаңа жұмыс орны ашылады деп күтілуде.
2019 жылы «Leo Master» ЖШС жеміс-жидек сұрыптау цехын іске қосу жоспарлауда, инвестиция көлемі – 24 млн теңге, 15 жаңа жұмыс орны ашылмақ.
Инвестиция тарту мәселесіне көп көңіл бөлінді.
2018 жылдың 11 айы бойынша негізгі капиталға тартылған инвестицияның жалпы көлемі 4783,0 млн. теңгені құрады. Нақты көлем индексі – 89,4%. 2018 жылы инвестицияның күтілетін көлемі – 5900,0 мың тг, НКИ – 100,2%.
Жалпы инвестиция көлемінде 3466,5 млн теңге немесе 72,5% бюджеттен тыс қаражаттар, оның ішінде кәсіпорынның меншікті қаражаты – 3362,3 млн теңге, басқа да қарыз қаражаттар – 104,2 млн теңге. 2017 жылдың 11 айында бюджеттік емес инвестицияның көлемі 3768,3 млн тг құрады, бюджеттік емес инвестицияның номиналдық өсуі 92,0% құрады. 2018 жылдың 11 айында бюджеттік емес инвестицияның көлемі 4569,0 млн теңгеге жетеді, бюджеттік емес инвестицияның номиналдық өсуі 111,4% құрайды.
Жан басына шаққандағы инвес-тиция 0,1 млн теңгені құрады.
Текелі қаласында бизнестің инвестициялық және кәсіпкерлік белсенділігін арттыру үшін «Достық» индустриялы аймағын құру жұмыстары жалғасуда.
«Достық» индустриялық аймағында инженерлік-транспорттық инфрақұрылымының 03.05.2017 жылғы №18-0086/17 мемлекеттік сараптамадан өтті. Жобамен жолды, электр желілерін, сумен жабдықтау және кәріз жүйесі желілерін жабдықтау, телефон орнату қарастырылды.
Инвестицияларды тарту мақ-сатында, әлеуетті инвестициялық жобалардың иелерімен жыл басынан 3 жиналыс және 1 бизнес форум өткізілді.
Қалада шағын және орта бизнес қарқынды дамып келеді. 1256 кәсіпкерлік нысаны белсенді жұмыс істейді, оның ішінде, орта заңды тұлғалар – 3, шағын кәсіпорындар – 149, жеке кәсіпкерлер – 1051, шаруа қожалықтары – 53.
Шағын және орта кәсіпкерлік саласында барлығы 2802 адам қамтылған.
Шағын және орта бизнестің көрсеткен қызметі мен шыға-рылған өнімінің көлемі 14988,4 млн теңгені құрады. Салық түсімі 1221,6 млн теңге.
Шағын және орта бизнестен түскен салықтар мен басқа да міндетті төлемдердің жалпы көрсеткіші 53,6% құрайды.
Кәсіпкерлікті қолдау мен дамытуға Текелі қалалық Кәсіпкерлік палатасы оң ықпалын тигізіп келеді. Палата жанындағы ақпараттық-кеңес қызметін көрсету орталығы жыл басынан бері 1787 азаматқа кеңес беріп, 70 азамат кәсіпкерлік негіздері бойынша оқытылды.
Қала бойынша жеке сауда-саттық тауар айналымының көлемі 4636,1 млн теңгені құрады, яғни 2017 жылмен (4238,5 млн теңге) салыстырғанда 397,6 млн теңгеге артық.
Ауыл шаруашылық өнімдерінің жалпы көлемі – 3450,1 млн теңге. Ауыл шаруашылығы өнімдері физикалық көлемінің индексі 101,9% құрады. Қалада 53 шаруа қожалығы тіркелген.
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы тұрғындардың тұрмыс қажеттілігін қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарып, әлеуметтік-экономикалық дамуға үлес қосып келеді.
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласында мынадай шаралар атқарылды:
– Көше жарықтандыру, көгалдандыру және аббаттандыру, қалаға санитарлық тазалау жұмыстарын жүргізу;
– Қаланы көгалдандыру жұмыстары бойынша 70 дана көшет отырғызылды;
– «Горняцкий» шағынауданында 2 апатты үй бұзылды;
– Арбат, тұрақ, Әуезов көшесі №28, №32 тұрғын үйдің аулаларын ағымдағы жөндеу жұмыстары;
– Табиғи қоқыстарды шығару бойынша барлығы 2544,42 т. шығарылды;
– Орталық алаңның ағымдағы жөндеу жұмыстары;
(Соңы. Басы 1-бетте)
– Алматы облысы Текелі қаласының Текелі ЖЭО жағалауының сорғы станциясының аумағында Қадылбеков көшесінде трансформаторлық қосалқы станцияға күрделі жөндеу жұмыстары;
– Құрамында сынабы бар флуоресцентті лампаларды жинау және пайдалану (контейнерлерден алынған қоқыстар: сынапты шамдар – 1628 дана, аппараттар – 28 кг, батареялар – 75 кг, электр жабдықтары – 35 кг);
– апатты үйлерден қоныс аударуға арналған 14 пәтер сатып алынды;
– аулалардың асфальт төсемінің ағымдағы жөндеу жұмыстары (Тәуелсіздік көшесі, 17,19-үйлердің аулалары, Тәуелсіздік көшесі, 16-үй, Ғарышкерлер көшесі, 1,3,5-үй аулаларына төсеу жұмыстарын аяқтады – 5238 м2 1569 с.е бордюрлар ауыстырылды);
– қалаға кіреберістегі Шахтер монумен-тінің ағымдағы жөндеу жұмыстары;
– Қора көшесі, 30б мекенжайындағы жалға берілетін үйдің қасбетінің ағым-дағы жөндеу жұмыстары;
– 22 жаяу жүргінші темір бетонды баспалдақты ағымдағы жөндеу. Объект
өткізілген жоқ. Мердігер мемлекеттік сатып алуда әділетсіз қатысушы
ретінде танылды;
«Аймақтарды дамыту» бағдарламасы бойынша 2018 жылы мынадай жобаларды іске асыру аяқталды:
– Гагарин, Әуезов (2 учаске), Ғарышкерлер, Қонаев көшелеріндегі жаяу жүргіншілер жолын ағымдағы жөндеу. Гагарин көшесі бойынша: жаяу жүргіншілер жолының асфальттік жабындысы – 3685,67 м2, 30 жарықтандыру тіректері, 12 дана қоқыс жәшіктері мен орындықтар орнатылды. Нысандар өткізілген жоқ. Мердігер мемлекеттік сатып алуда әділетсіз қатысушы ретінде танылды;
– Көше жарықтандыру құрылысы. 667 көше жарықтандыру тірегі мен 663 шам орнатылған, оның 148-і жарықдиодты болды.
– Қаланы сумен қамтамасыз ету үшін ұңғыма бұрғылау. Барлығы 4 ұңғыма бұрғыланды.
Нысандар жүзеге асырылуда:
– «Металлург» шағынауданының жылу магистральдық желілерін қайта жаңғырту. Жоба бойынша 4791 м желіні қайта жаңғырту қарастырылған. Жобаның аяқталуы 2019 жыл.
– Алматы облысы Текелі қаласының кәріз жүйесін қайта жаңғырту. Жоба бойынша 2611 м қайта жаңғырту, 26556 м. қайта салу жоспарланған. 2018 жылы 13057 с.е. жұмыстары жасалды. Жобаның аяқталуы 2019 жыл.
Газдандыру
2017 жылы ұзындығы 31,3 км «Талдықорған-Текелі» газ құбырының құрылысы басталды.
2018 жылы «Талдықорған-Текелі» газ құбыры пайдалануға берілді және «KBS ENGINEERING» ЖШС жеке инвесторлар есебінен Текелі қаласының «Достық» шағынауданын газбен қамтамасыз ету үшін төмен қысымды құбырлар орнатылды. Ұзындығы 1,9 км жер асты және жер үсті газ құбыры орнатылды. Құбырлар зертханалық сынақтардан өткізілді.
Газ құбыры шағынауданның Сейфуллин, Лазо, Төлебаев, Жалайыр, Толстой атындағы бес көшесіне жүргізіліп, 109 абонентті құрады. 2018 жылы 27 қарашада шағынауданның 87 тұрғын үйі қосылды. Желтоқсан айының соңына қарай газды жеткізу жоспарланып отыр.
Көлік инфрақұрылымын дамыту бағдарламасы бойынша.
2018 жылы қала жолдарына бюджеттен бөлінген қаржы есебінен 4 кө-
шеге (3,9 км) жолдар орташа жөндеу жүргізілді. 5070 м2 орталық көше жол-дарына ағымдағы жөндеу жүргізілді. Нәтижесінде көлік жолдарының қанағаттанарлық күйі 2017 жылмен (75,5%) салыстырғанда 78,2% жақсарды.
Жолаушылар тасымалының көлемі 9 млн 285 мың адамды құрады. Жолаушылар айналымы 104,7% құрайды. Өткен жылға қарағанда 3,2% артты.
2153,3 мың тонна жүк тасымалданды, жүк тасымалы 76 792 мың тонна км құрады.
Атқарылған құрылыс жұмыс-тарының көлемі 2316,1 млн теңгені құрады. Физикалық көлем индексі 110,7%. 2,6 мың м2 тұрғын үй қолда-нысқа енгізілді.
Қалалық аурухана ғимаратын сейсми-калық күшейтумен қалпына келтіру жұмыстары аяқталды.
Қала бойынша орташа айлық жала-қы 2017 жылмен салыстырғанда 5,7% өскен, 101206 теңгені құрады.
Еңбек нарығындағы ахуал жалпы жұмыссыздық деңгейімен тұрақты саналады.
Қаладағы экономикалық белсенді тұрғындар саны 18520 адам, оның ішінде 17612 адам жұмыспен қамтылған, жұмыспен қамту деңгейі – 95,1% құрайды.
Жұмыспен қамту бойынша уәкілетті органға 1671 адам жүгініп, 1151 адам жұмыспен қамтылған. Жұмыспен қамту деңгейі 68,8% құрады.
Ақылы қоғамдық жұмыстарға 279 адам, кәсіби оқытуға 215 адам, әлеуметтік жұмыс орындарына 40 адам, жастар тәжірибесіне 38 жас маман жолданды.
2018 жылы барлығы 365 жаңа жұмыс орны құрылды, оның ішінде: 67 – өнер-кәсіпте, 86 – құрылыста, білім саласында – 3, шаруашылықта – 22, 160 – басқа да салаларда, 27 – сауда-саттықта.
2018 жылы 49 мүгедек азамат шипа-жайға емделуге жіберілді. 120 мүгедек азаматқа протездік-ортопедиялық көмек көрсетілді. 37 азаматқа сурдотех-никалық құрылғы, 39 азаматқа тифло-техникалық құрылғы, 28 мүгедек аза-матқа кресло-арба берілді.
Аз қамтылған азаматтармен жұмыс жүргізілуде. Жыл басынан 1119 мүшесі бар 244 отбасына 38,910 мың теңге көлемінде мемлекеттік атаулы әлеумет-тік көмек көрсетілді.
571 азамат 12,049 мың теңге көлемінде тұрғын үй көмегін алды.
27 мүгедек баланы үйде оқыту мен тәрбиелеу ісіне 663,0 мың теңге төленді.
Алматы облысы әкімінің гранты бо-йынша оқитын 13 студентке 5,155 мың теңге төленді.
Білім саласын дамытудағы үрдістер
2018 жылы қалалық білім беру жүйесіне бюджеттен 1,4 млрд теңге қаржы бөлінді.
Қалада барлығы 8 мектепте 4149 оқушы, 210 сынып-жинақ бар. Мектеп-
терде барлығы 425 мұғалім жұмыс істейді.
5 балалар бақшасында 870 мектепке дейінгі бала тәрбиеленуде. Мектептер жанындағы 6 шағын орталықта 150 бала білім алады. Мектепке дейінгі даяр-лықпен қамту деңгейі 100% құрайды.
Аз қамтылған отбасылардың 238 баласы тегін ыстық тамақпен қамтылған.
Жазғы демалыс кезінде 1-10 сынып оқушыларының барлығы (3866 оқушы) 100% жазғы демалыспен қамтылды.
2018 жылғы мектеп бітіруші түлектер саны – 200. «Алтын белгі» иегерлері – 13, « Үздік аттестат» – 13.
Ұлттық бірыңғай тестілеу қорытындысы бойынша қаладағы орташа балл көрсеткіші – 88.
«Денсаулық 2016-2019» денсаулық сақтауды дамыту мемлекеттік бағдарламасы жүзеге асырылуда.
Өткен жылдың есептік кезеңімен салыстырғанда жалпы өлім саны
39-ға азайған (336-дан 297-ге).
Жаңа пайда болған қатерлі ісік ауруы 8 жағдайға төмендеді.
Туберкулез сырқаты 1 жағдайға азайып (9-дан 8-ге), вирусты гепатит 2 жағдайға (3-тен 5-ке) көбейді.
Диспансерлік топтағы сырқаттарды дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етуге облыстық бюджеттен 155,0 млн теңге бөлінген.
Электронды құжат айналымы түріндегі сандық әдіс-тәсілдер және пациенттерге кеңес беру енгізілді.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру мақсатында 199 шара ұйымдастырылып, 26 мыңнан астам адам қамтылды. «Рухани жаңғыру» бағ-
дарламасының бағыттары бойынша реестрге 23 жоба енгізіліп («Атамекен» кіші бағдарламасынан – 7 жоба, «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасынан – 7 жоба, «Рухани қазына» кіші бағдарламасынан – 5 жоба, «Ақпарат толқыны» кіші бағдарламасынан – 4 жоба) жүзеге асырылды.
«Туған жер» арнайы жобасы бойынша жалпы сомасы 16 600 000 теңгеге
7 жоба жүзеге асырылды:
– Іскер әйелдер кеңесінің ұйымдастыруымен «Текелі Асар» жобасы аясында орналастырылған қайырымдылық сөрелеріне қала тұрғындарымен бүгінгі таңда 3 100 000 теңгеге азық-түліктер сатып алынған;
– жеке кәсіпкер Е. Дүйсебаев қаладағы «Сұңқар» балалар футбол командасына қаржылық қолдау көрсетті (8 000 000 теңге);
– Қора өзенінің жағалауында кәсіп-керлер балалар алаңы, Алтыбақан және стритворкаут алаңын орнатты (5 000 000 теңге);
– «Достық» шағынауданында жергілікті кәсіпкерлердің қолдауымен балалар алаңы мен алтыбақан орнатылды (500 000 теңге).
Үкіметтік емес ұйымдардың мемлекеттік әлеуметтік маңызды жобаларды орындау қызметіне 2018 жылы бюджеттен 3 млн теңге қаржы бөлінді. Оның ішінде 2 840,0 мың теңге игеріліп, 3 лот қарастырылды. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында барлығы 28 шара ұйымдастырылып, 4550 адам қамтылды.
«Рухани жаңғыру: парасатты ұрпақ» қазақстандық патриотизмді нығайту, жас ұрпақты ұлттық құндылықтар негізінде тәрбиелеу бойынша шаралар» лоты бойынша «Жетісу жастары ұйымының Конгресі» жастар қоғамдық бірлестігі ұлттық ойындар жарысын, «Туған жерім – тұғырым, туған елім – ғұмырым» атты эссе жазудан байқау, «Жемқорлықсыз болашақ» атты кездесу, дөңгелек үстел ұйымдастырып, жинақ кітапшалар таратты. Отбасылық құндылықтарды дәріптеу, Қазақстандық патриотизмді қалыптастыруға бағытталған «Отбасы – отанның ошағы» атты кездесу өткізді.
«Төртінші өнеркәсіптік революция: дені сау ұлт» салауатты өмір салтын насихаттау бойынша шаралар» лоты бойынша «Жетісу жастары ұйымының Конгресі» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен акция-мотошеру, «Ел жүрегі – Астана» атты тау бөктерінде дайындалған жарыс трассасында республикалық мотокросс, патриоттық мотошеру-флешмоб өтті. Тұрғындарға имидждік материалдар таратылды.
«Мейірімді қала – мықты мемлекет» отбасылық құндылықтар – гендерлік теңдікті дамыту бойынша шаралар» лоты бойынша «Текелі қаласының жалғызбасты аналар ассоциациясы» қоғамдық бірлестігі ауыл әйелдерімен «Ауыл әйелдерінің әлеуетін дамыту» бойынша тренингтер, «Бақытты балалық шақ» мәдени-спорттық фестивалін өткізіп, «Қуыршағым — құлыншағым» атты кішкентай балалар театры шеберханасын құрды.
Қала тұрғындарына мәдени ойын-сауық шараларын ұйымдастыруға айрықша назар аударылады.
2018 жылы 887 мәдени-көпшілік шара ұйымдастырылып, 87 мыңнан астам адам қамтылған. Қалалық Мәдениет үйінде 163 шара, «Металлург» шағынауданының клубында – 30, саңыраулар қоғамы клубында – 434, қалалық кітапханада – 260 мәдени шара ұйымдастырылып, өткізілген.
Қаладағы 6 мәдени нысанда 531 адам дайындалатын 33 үйірме және клубтық құралымдар жұмыс істейді.
Мәдениет үйімен 3 012,3 мың теңгеге, «Металлург» шағынауданының клубымен 207,9 мың теңгеге ақылы қызмет көрсетілген.
Балалар мен жасөспірімдер туризмі саласында балалар мен жасөспірімдерге арналған туризм және өлкетану орталығы 3 бағытта (спорттық, туристік және өлкетану) жұмыс істейді. 2018 жылы орталық келесі нәтижелерге қол жеткізді:
Жыл бойы балалар туристік көпсайыстан республикалық жарыстарға қатысып, жүлделі орындарға ие болды, сондай-ақ, 4 оқушы спорт шеберіне үміткер атағына қол жеткізді.
Жазғы уақытта оқушыларға қызықты және танымдық экскурсиялар мен жорықтар ұйымдастырылды. Онда оқушылар «Әнші құм», «Көлсай көлдері», «Қайыңды көлі» және «Бұрқанбұлақ» сарқырамасы сияқты тарихи және табиғи объектілерімен танысты. Жазғы демалыспен 400-ден астам бала қамтылды.
Қалада спорт инфрақұрылымын дамыту, балалар мен жасөспірімдер спортына жағдай жасау бойынша белсенді жұмыстар жүргізілуде.
Қалада 49 спорттық нысан орналасқан: әмбебап алаңқайлар, Орталық саябақта ВМХ-трасса және стритворкаут гимнастикалық қалашығы салынған. Қалада 9 стадион мен 11 спорт залы жұмыс істейді.
Қалада дене шынықтыру және спортпен айналысатын тұрғындар саны 9413адам (28,5%).
2018 жылы 38 спорттық шара өткізіліп, қала командалары облыстық 31 жарысқа қатысты.
Қалада 12 спорт түрінен 780 бала дайындалатын балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі жұмыс істейді.
2018 жылы халықаралық деңгейдегі 3 спорт шебері,ҚР 2 спорт шебері мен ҚР 22 спорт шеберіне кандидат дайындалды.
Текелілік спортшылар спорттың әр түрінен жоғары нәтижелерге қол жеткізіп келеді: Бішкек қаласында (Қырғызстан Республикасы) Комбат джиу-джитсудан ерлер мен әйелдер, жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында өткен Азия чемпионатында өз салмақ дәрежелерінде Ақерке Мағза, Үкілай Ахметуәлиқызы, Аяла Бөребай, Аяулым Көбей 1-орынды, Заманбек Жүсіпбеков 2-орынды иеленді. Оралда ауыр атлетикадан 17 жасқа дейінгі балалар арасындағы жеке командалық чемпионатта Ольга Пастухова мен Наталья Бедрик 1-орынды, Аяла Талаш 2-орынды иеленді. Астанада жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында шинкиокушинкай каратеден өткен Әлем чемпионатында Данелия Акатаева мен Әсемай Акранбек жеңімпаз атанды, ал Варна қаласында (Болгария) киокушинкай каратеден жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында өткен Әлем чемпионатында Данелия 2-орын, Асемай 3-орынға ие болды.
Қаладағы криминогендік жағдай келесі көрсеткіштермен сипатталады:
Қалада 357 қылмыс тіркелген, қылмыс 15 жағдайға, яғни 4,4% төмендегенін көрсетеді.
Бөгденің мүлкін ұрлау 8, мал ұрлау 3, көлік құралдарын ұрлау – 3, алаяқтық – 10 оқиғаға төмендеді. Сонымен қатар, ауыр және аса ауыр қылмыстық жағдайлар саны 19-ға, бұзақылық 10 оқиғаға артқан.
Құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, қылмыстың алдын алу және оны тұрақтандыру, жедел жағдайды қалпына келтіру мақсатында қосымша жедел алдын алу шаралары жүргізіледі.
Жұмыс саласының маңызды бір бөлігі – азаматтардың өтініштерін қарастыру.
Жыл басынан бері қала әкімінің атына 808 өтініш түскен (жеке тұлғалардан – 726, заңды тұлғалардан – 82).
Қала басшылығының жеке қабылда-уында 189 адам болды. Қала әкімінің ресми сайтында 78 өтініш тіркелген.
Мемлекеттік қызметтер реестріне сәйкес 11 мемлекеттік мекеме 101 қыз-мет түрін көрсетеді, 2018 жылы тұрғындарға 17 200 мемлекеттік қызмет көрсетілген.
2018 жылы халыққа қызмет көрсету орталығымен 1 995, электронды түрде
6 372 қызмет көрсетілген.
Құрметті қала тұрғындары!
Тезистерде қаланың 2018 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі қортындылары жарияланды.
2019 жылы қала әкімдігінің жұмысы Текелі қаласының 2016-2020 жылдарға арналған даму бағдарламасының шараларын орындауға, негізгі әлеуметтік-экономикалық мәселелерін шешуге, тұрғындардың өмір сүру сапасын көтеруге, өндірістік, зиялылық және еңбек әлеуетін дамытуға бағытталады.
Алдағы уақыттағы негізгі міндеттер:
– Мемлекет басшысының жыл сайынғы халыққа Жолдауындағы тапсырмаларды орындау;
– «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру;
– «Туған жер» арнайы жобасын іске асыру;
– «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының шараларын іске асыру;
– Мемлекеттік және салалық бағдарламаларды одан әрі орындау.

Бөлісу
Share on Facebook
Facebook
Tweet about this on Twitter
Twitter
Share on VK
VK

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Өтінемін, өз пікіріңізді енгізіңіз!
Өтінемін, атыңызды мына жерге енгізіңіз