ШАТТЫҚ СЫЙЛАҒАН МЕРЕКЕ

0
78

  Текелі қалалық Мәдениет үйінде өткен жаңа жылға арналған салтанатты әкім шыршасына қала мектептерінен оқуда озат, белсенді, аз қамтылған және қамқорлықтағы 80 бала қатысты.
Қала әкімінің орынбасары Сері Болысбайұлы: «Жаңа жыл қарсаңында барлық бала қыстың кіршіксіз аппақ қарындай ақ тілектерін, армандарын үкілейді. Бұл ертеңге деген сенімді бекемдей түсетін, жаңа мақсаттарға жетелейтін ерекше сезім. Бала бақыты сол кіршіксіз балалық сеніммен ұштасып жатады. Биік мақсаттар мен игі істеріміз сіздердің, жас ұрпақтарымыздың бақытты өмірі мен кемел келешегі үшін жасалады»,– деген қала әкімі Бахтияр Өнербаевтың ізгі сәлемін жеткізіп, балаларды келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтады.
Қала әкімінің атынан дайындалған сыйлық – жылы киімдер мен жұмсақ ойыншықтарды, тәттілерді алып қуанышқа бөленген балалардың көңіл-күйін әртүрлі жан-жануардың бейнесін сомдаған ертегі кейіпкерлері еселей түсті.
Балалар, сонымен бірге, қызықты ойын-жарыстарға қатысып мәз-мейрам болды.
Ақан ЫРЫМЖАНҰЛЫ

Бөлісу
Share on Facebook
Facebook
Tweet about this on Twitter
Twitter
Share on VK
VK

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Өтінемін, өз пікіріңізді енгізіңіз!
Өтінемін, атыңызды мына жерге енгізіңіз