Іс-шаралар уақытында орындалуда

0
532

Текелі қаласы әкімінің 2018 жылғы халықпен кездесулерінде айтылған ескертулер мен ұсыныстарды жүзеге асыру бойынша іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы ақпарат.

Бекітілген кестеге сәйкес, 2018 жылдың қаңтар айында Текелі қаласы мен Рудничный ауылдық округінің әкімдері халыққа есеп беру кездесулерін өткізді.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 5 ақпандағы №190 «Орталық атқарушы орган басшыларының, әкімдердің, ұлттық жоғары оқу орындары
ректорларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» Жарлығын орындау мақсатында Текелі қаласы және Рудничный ауылдық округінің әкімдері халыққа есеп беру кездесулерін өткізді.

Кестеге сәйкес, 2018 жылдың 16-24 қаңтар аралығында Рудничный ауылында және қаланың барлық шағынаудандарында қала әкімінің 5 есеп беру кездесуі өткізілді. Есептік кездесуге барлығы 957 тұрғын қатысты. Жиында 30 адам сөз сөйледі, оның ішінде: 7 зейнеткер, 5 өзін-өзі жұмыспен қамтығандар, 6 қызметші, 4 кәсіпкер және басқа топтағы 8 адам, барлығы 10 ұсыныс айтылды.

Жоспарға Текелі қаласы әкімінің халық алдында берген есебі барысында айтылған 10 ұсыныс енгізілді, оның ішінде: жол жөндеу бойынша – 5, абаттандыру мәселелері бойынша – 1, басқа мәселелер бойынша – 4.

Жоспарланған іс-шаралардың орындалу мерзімі – 2018 жылдың 3, 4-тоқсаны:

  1. «Горняцкий» шағынауданында Горняцкая көшесінің тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз ету қажеттілігі ағымдағы жылдың 3-тоқсанында толығымен аяқталды.
  2. «Достық» шағынауданының Қонаев, Қастеев көшелерінің бойын жарықтандыру ағымдағы жылдың қараша айында аяқталды.
  3. Қазақстан, Қастеев, Бақтыбай, Берікбаланов көшелерін асфальт жамылғысын орташа жөндеу жұмыстары ағымдағы жылдың 3-тоқсанында аяқталды .
  4. Ағымдағы жылдың 23 тамызында Железнодорожная, Лермонтов, Чехов, Шаталов, Кошевой көшелері мен Молодежный тұйық көшесіне күрделі жөндеу жүргізуге жобалықсметалық құжаттама әзірленді.
  5. 4-тоқсанда қаланың Әуезов, Гагарин, Ғарышкерлер, Қонаев атындағы орталық көшелерінің жаяу жүргіншілер жолына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.
  6. Шажа өзеніндегі көпірге күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеуге «Алстройпроект» ЖШС келісімшарт жасалды,
    жобалық-сметалық құжатты өткізу уақыты 2019 жылдың мамыр айы.
  7. Ағымдағы жылдың 4-тоқсанында Рудничный ауылдық округіндегі клуб ғимаратын қалпына келтіруге жобалық-сметалық құжаттама әзірленді.

8.Рудничный ауылдық округіндегі амбулаторияға күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу ағымдағы жылдың қараша айында аяқталды.

Рудничный ауылдық округі әкімінің тұрғындарға есеп беру кездесуі барысында айтылған 2 ұсынысты іске асыру бойынша іс-шаралар жоспары бекітілді.

Жоспарланған іс-шараның орындалу мерзімі – 2018 жылдың 3 тоқсаны.

  1. Жолдарды асфальт төсемімен жөндеу жұмыстары ағымдағы жылдың 4-тоқсанында аяқталды.
  2. Ауылдың ішіндегі жаяу жүргіншілер жолына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу бойынша қаражатқа өтінім беру жұмыстары 3-тоқсанда аяқталды.

Бөлісу
Share on Facebook
Facebook
Tweet about this on Twitter
Twitter
Share on VK
VK

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Өтінемін, өз пікіріңізді енгізіңіз!
Өтінемін, атыңызды мына жерге енгізіңіз