Ауыл тірлігі түзеліп келеді

0
79

Рудничный ауылдық округі әкімі Сергей Дмитриевич Вишняковтің
2018 жылы атқарған жұмысы және алдағы жоспарлары туралы есебінің тезисі

Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 15 тамыз-дағы №615 әкімдердің тұрғындармен есептік кездесулерін өткізу туралы Жарлығына сәйкес және Қазақстан жұртшылығын демократизациялау, халықты елде болып жатқан реформалар туралы ақпараттандыру, тұрғындар алдында атқарушы органдардың жауапкершілігін және есеп берушілігін арттыру, халықты мемлекеттік басқару процесіне кең ауқымда араластыру мақсатында аудандық маңызы бар қала әкімдері, ауылдық округ әкімдері, кент және ауыл әкімдері жылына бір рет тұрғындармен есеп беру кездесулерін өткізеді.

Алдыңғы есептік кездесуде екі ұсыныс айтылған: жолдарды ағымдағы жөндеу және жаяу жүргіншілер  жолын күрделі жөндеуге өтінім беру. Екі іс-шарада орындалды.

Рудничный ауылдық округінің әлеуметтік-экономикалық дамуы жылдың аяғында келесі көрсеткіштер бойынша сипатталады:

Өнеркәсіп

2018 жылдың аяғында ауыл аймағында жұмыс істеп жатқан өнеркәсіп кәсіпорнындағы жұмысшылардың саны 130 адамды құрады, 20 бос орын бар. 5,7 мың тонна шығарылған өнім көлемі 447 млн 937 мың теңгені құрады.

Ауыл шаруашылығы

Барлық жер аумағы – 1960 га, соның ішінде ауыл шаруашылық және қордағы жер – 1687 га, елді мекен жері – 273 га, оның ішінде: жайылым жер – 32 га, шөп шабу үшін пайдаланылатын жер – 69 га, жеке қосалқы шауашылықта – 26,85 га, бақша қауымдастығында – 36 га құрайды.

2018 жылы аумақты түгендеу қорытындысы бойынша үш шаруа қожалығы Текелі қаласы Рудничный ауылдық округінің әкімшілік бағынысынан Кербұлақ ауданы Көксу ауылдық округінің әкімшілік бағынысына ауысты.

Ауыл шаруашылық мал басы: ірі қара мал саны – 589 бас, жылқы – 55 бас, қой-ешкі – 644 бас.

Жыл бойы ауыл шаруашылығы жануарларын өңдеу бойынша ветеринариялық-профилактикалық іс-шаралар өткізілді.

Жайылымдық жерлерді пайдалануды реттеу және мал ұрлығын болдырмау мақсатында үшжақты келісімшарт жасалды, сондай-ақ, халықтың мұқтажы үшін пайдаланылатын жайылымдық жерлердің шекаралары бекітілді.

Абаттандыру және инфрақұрылым

Көпқабатты үйлерде әр үйге бір қоқыс жәшігі орнатылған. Биыл қосымша 4 жа-ңа темір қоқыс жәшігі орнатылды.

11 шақырым арық жүйесі тазартылып, табиғи қоқыс үйінділерімен қоса қоғам-
дық сенбіліктер өткізілгеннен кейін барлығы 280 тонна қоқыс шығарылды. Қоқыс жәшіктерін тазалау кесте мен өтінімдерге сәйкес жүргізіледі. Су құбыры жүйесін дайындау бойынша жұмыстар жоспарға сәйкес жүргізілді: су жинау құрылғыларын, төрт резервуарларға тазалау жүргізілді. Су тарту құрылғыларына ағымдағы жөн-
деу жұмыстары жүргізілді, су тарту желілеріндегі 11 үзік жойылды, кәріз магистралі бойынша 7 кептеліс тазартылды.

Ауылдың дәрігерлік амбулаториясы ғимаратының сейсмотұрақтылығын күшейте отырып күрделі жөндеу жүргізілді, қазандық салынды және жаңа қазандық жабдықтары, резервтік дизель генераторы орнатылды, амбулатория аумағына абаттандыру жүргізілді.

Жергілікті тұрғындардың бастамасымен әрі демеушілік көмек есебінен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында мешіт салынды, қазіргі уақытта барлық қажетті рұқсат беру құжаттарын алу жүргізілуде.

2018-2019 жылдардағы жылыту маусымына орай дәрігерлік амбулатория, мектепке дейінгі шағын орталығымен №7 орта мектеп көмірмен қамтамасыз етілді. Қысқа дайындық бойынша №7 ОМ МДШО қазандықтарына, жапқыш арматураларға, от жағу жүйесі мен сорғы жабдықтарына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді, қазандықтардың жабдықтарына тех-никалық қызмет көрсетілді. Электр беру желілері мен телефон желілерінің астындағы ағаштар кесілді. Алты трансформаторлық қосалқы станцияға ағымдағы қызмет көрсетілді. ТАТЭК меншігіндегі Рудничный ауылының 0,4 кВт желісі күрделі жөндеуді қажет етеді.

Сот шешімі бойынша иесіз деп танылған сегіз пәтерлі тұрғын үй коммуналдық меншікке берілді, құжаттар әділет органдарында тіркелу сатысында. Иесіз қалған объектілер бойынша жұмыстар 2019 жылы жалғасады.

Рудничный ауылдық округі бойынша ауылды абаттандыру бойынша жұмыстар шеңберінде билбордтарды жөндеу және 14 банерді ауыстыру жұмыстары орындалды: ағаштар ақталды, екі аялдамаға, сахнаға және алты балалар алаңына, спорт алаң-дарына ағымдағы жөндеу жүргізілді.

Асфальт жабыны бар ауыл жолдарына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Ауылдың көшелерін жарықтандыру бойынша жұмыстар жүргізілуде.

2019 жылы көшені жарықтандыру шамдарының санын арттыру үшін жарықтандыруды күрделі жөндеу бойынша жобалау-сметалық құжаттамаға ведомстводан тыс сараптамадан өтуді аяқтау қажет.

Мектепте тегін ыстық тамақпен қамту ұйымдастырылған, 18 оқушы жаппай оқыту қорынан қамтылған. Жалға алушы «Руслан» ЖК есебінен 10 оқушы қамтылды.

2018 жылдың наурыз айынан желтоқсан айына дейін ыстық тамақпен қамтамасыз ету бойынша жалпы сома – 725 760 теңгені құрады.

Әлеуметтік қорғау және халыққа қызмет көрсету

2018 жылдың аяғында барлық тұрғын саны – 1033 адамды құрады. Оның ішінде: экономикалық белсенді тұрғындар – 640 адам, зейнеткерлер – 169 адам, мүмкіндігі шектеулі – 16 адам. Барлық бала саны – 208, оның ішінде оқушылардың саны – 160.

Шаруашылық есепке алу кітабының мәліметі бойынша ауылда жұмыс істейтін, кәсіппен айналысатындар мен студенттердің жалпы саны – 368 адам. Тіркелген жұмыссыздар саны – 17 адам, оның ішінде 7 адам қоғамдық жұмыстарға жіберілді, жыл ішінде 6 адам жұмысқа орналастырылды.

2018 жылдың басынан бастап «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы» негізінде «Бастау-Бизнес» жобасын жүзеге асыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Бүгінге дейін жобаға қатысушы 16 адам сертификатқа ие болды.

«Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы бойынша 2018 жылы АШҚҚҚ АҚ 5 ауыл тұрғынына 11 млн теңге сомасына шағын несие мақұлдады.

«Бастау-Бизнес» жобасы бойынша 2 тұрғын «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ арқылы 4,8 млн теңге несие алды.

Сонымен қатар, жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасының 25 қатысушысы мемлекеттік гранттарды жеңіп алды, оның 4-еуі «Бастау-Бизнес» жобасы аясында.

2018 жылы 45 отбасы жалпы сомасы 2 млн 680 229 мың теңгеге тұрғын үй көмегін алса, жаңа формат бойынша жалпы сомасы 1 млн 718 мың тонна болатын 8 отбасы атаулы көмек алды.

«Дипломмен ауылға» мемлекеттік бағдарламасы аясында 2018 жылы жалпы сомасы 673 400 теңгеге 5 жас маман көтермеақы алды.

Жыл басынан жергілікті тұрғындармен 9 жиын өткізілді. Оған қалалық полиция бөлімінің, мемлекеттік мекемелерінің лауазымды тұлғалары қатысты. Жиын барысында мемлекеттік жәрдемақылар, жер телімдерін ресімдеу, несие беру, көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша түсініктемелер берілді. Ауылды дамытудың басым бағыттары, мекеме қызметтері туралы мәселелер айтылды.

Ауылдық округтің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелерін шешуге қатысу үшін жергілікті қоғамдастық өкілдерінің жиналысы құрылған, сондай-ақ, ақсақалдар кеңесі жұмыс істейді, ол жергілікті маңызы бар мәселелерді шешуге, ауыл тұрғындары арасындағы дауларды шешуге белсенді қатысады.

Жыл басынан бері жергілікті қоғамдастық өкілдерінің ауыл тіршілігі мәселелері бойынша 4 жиналыс өткізілді.

26 өтініш түсті, барлығы қаралып, 15 мемлекеттік қызмет көрсетілді, сондай-ақ, «Рудничный ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ ғимаратында орналасқан «Өз бетіңше қызмет ал» бұрышы арқылы 15 тұрғын қажетті құжаттарды алды.

Халыққа қолайлы болу үшін «Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына сәйкес ауылдық округ әкімімен нотариаттық іс-әрекеттер жасалды және 19 нотариаттық іс-әрекеттер өткізілді. Жыл бойы азаматтарды жеке қабылдау мақсатында ауылға Текелі қаласының мемлекеттік мекемелеріне және «Нұр Отан» партиясы филиалының өкілдері келді.

Мектеп жанында волейбол, баскетбол, теннис, дзюдо секциялары, сондай-ақ, би және тоқу үйірмелері жұмыс істейді.

Жазғы уақытта ауылдың көше спорт алаңдарында волейбол және футбол ойын-
дары өткізіледі.

Жазғы кезеңде бастауыш сыныптар арасында мектеп жанындағы лагерь жұмысы ұйымдастырылды. Қалалық балалар мен жасөспірімдердің туристік және өлкетану орталығының сауықтыру  лагеріне әлеуметтік аз қамтылған отбасынан 12 балаға 246 000 мың теңге бөлінді.  Ата-аналар есебінен 2 оқушы Текелі қаласындағы санаториялық-сауықтыру лагерінде демалды.

2018 жылдың 1 тамызынан 30 қыркүйегіне дейін жыл сайынғы «Мектепке жол» республикалық акциясы өткізіліп, аз қамтылған отбасы балаларына, қамқорлықтағы балаларға және толық емес отбасы балаларына киім және кеңсе құралдары түрінде демеу-шілік көмек көрсетілді.

«Мектепке жол», «Қамқорлық» акцияларының белсенді қатысушылары әрі
мектепке қажетті заттарды алуға көмек көрсететін мектептің негізгі демеушілері: мектептің Қамқоршылық кеңесі, «СЕЮК» ЖШС директоры Е.М.Кошкембаев, «Моя семья» ЖК (О.М.Щупакова), «Жанна» ЖК (Ж.Б.Канапьянова), «Дудкины» ЖК (Г.Дудкина), «Руслан» ЖК (Р. Әлқуат), қалалық полиция бөлімі, Рудничный ауылының коммуналдық шаруашылық бөлімі, «Көксу» ТКК (бас директордың орынбасары К.К.Сапаков) және мектеп ұжымы, барлық сома – 172 000 теңге.

Демография

2018 жылы 24 адам туып, 8 адам қайтыс болды. Халықтың табиғи өсімі – 16 адам.

Білім

№7 ОМ МДШО жалпы оқушы саны – 160, шағын орталықта – 30 бала. Мұғалімдер саны – 34 адам, тәрбиешілер – 4 адам, қызмет көрсетушілер – 24, оның 4-еуі шағын орталықта.

Ағымдағы жылы оқушылар мен мектеп оқушылары түрлі республикалық, облыстық, қалалық байқауларға қатысып, белгілі нәтижелерге қол жеткізді. Қалалық байқауда Г.Е.Чукубасова (Бастауыш сынып мұғалімі), А.Ж.Жанымхан (Үздік жас маман), Л.С.Тасуева (Үздік жыл мұғалімі-2017) 2-орын иеленді. Қалалық «Үздік сынып жетекші» байқауында А.М.Есемқұл «Креативті сынып жетекші» аталымын, ал С.С.Болатбаев «Ағылшын тілі пәні мұғалімі» байқауында 3-орын иеленді.

Облыстық КҒА 9 «а» сынып оқушысы Надя Семенова (жетекшісі –
Р.Р.Бекхожанова) «Социология» бөлімінде 1-орын, ал республикалық кезеңде алғыс хатқа ие болды. Сондай-ақ, облыстық КҒА алғыс хатымен  Мәулет Нұрбек (8 «а», «Психология» бөлімі, жет.Д.А.Жолдыбаева), Влад Хлопков (9 «б», «Этномәдениеттану» бөлімі, жет. С.С.Болатбаева).

 «Абай оқулары» облыстық байқа-уында Ақнар Бердібек (8 «а», жет. Л.С.Тасуева) 1-орын, облыстық кезеңде грамота иеленді.  Қалалық «М.Мақатаев оқулары» сайысында Ержан Аманжол, (7 «а», жет. Л.С.Тасуева) 3-орын алды.  Қалалық «Транспорентті Мемлекет» байқауында Влад Хлопков (9 «б», жет. Т.А.Аталыкова) 2-орын, «Біз жемқорлыққа қарсымыз» сайысында 7 «а», 8 «а» сынып (жет. Ж.К.Сыир-шинова, Е.В.Волкова) 1-орын алды.

Бокстан жаттықтырушы М.К.Айтказиннің тәрбиеленушілері нәтижелі өнер көрсетуде. А.Арғанбаевты еске алуға арналған бокстан республикалық турнирде Данияр Сайлаухан (6 «а») 2-орын, 4 «а» сынып оқушылары Аман Аманғали, Бағдат Болатов, Азамат Амандос 3-орынға ие болды. Талдықорғанда наурыз мерекесіне орай өткен бокстан республикалық турнирде Данияр Сайлаухан (6 «а») қола жүлдегер атанды.

Қалалық патриоттық әндер байқауын-да Г.Е.Чукубасованың жетекшілігіндегі Лаура Жаңатілеу (5 «а») 2-орын, ал Диас Рушатұлы (3 «а») грамота иеленді. Қалалық «Зерде» байқауында Айдана Оршан (3 «а», «Биология» секциясы, жет. Д.А.Жолдыбаева) 3-орын, «Дарын» байқауында Аружан Нұртілеуқызы (8 «а», «Әдебиет» бөлімі, жет. А.О.Оршан) 2-орын,  Мақпал Алға (8 «а», «Өлкетану» бөлімі, жет. А.М.Есемқұл) 2-орынға ие болды.  Қалалық пәндер олимпиадасында Мақпал Алға (8 «а», «Қазақ тілі» бөлімі, жет. А.Н.Нұртуған) 3-орын, Анастасия Чмелева (8 «б», «Қазақстан тарихы» бөлімі, жет. Ж.К.Сыиршинова) 3-орын иеленді.

Ауылдық округтегі қоғамдық қауіпсіздік

Жылдың басынан бастап 57 адамға әкімшілік шара қолданылды, оның ішінде: отбасы, тұрмыстық қатынастар – 73-1, 73-2-бап бойынша 7 адам, ұсақ бұзақылық – 434-бап бойынша 1 адам, паспорт жүйесі ережелерін бұзғаны үшін – 492-1-баппен 25 адам, қоғамдық орындарда ішімдік ішкені үшін 440-баппен 9 адам, барлығына айыппұл салынды; мысық пен ит ұстау тәртібін бұзғаны үшін 408-баппен 3 адамға ескерту жасалды. Белгіленбеген орындарда сауда жасағаны үшін 204-1-бап бойынша 1 адам, тыныштықты бұзғаны үшін 437-1-баппен 4 адам (айыппұл салынды), абаттандыру ережелерін бұзғаны үшін 505-баппен 4 адам (ескертілді), белгіленбеген орында темекі тартқаны үшін 441-баппен 3 адам.

Ауылда құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында учаскелік полиция инспекторымен, учаскелік медбикемен, тәрбие жұмысы жөніндегі оқу ісінің меңгерушісімен, психологпен және әкім аппаратының өкілдерімен бірге қолайсыз отбасыларды аралап, кешкі уақытта ауыл көшелері бойынша рейдтер өткізілді.

Мектеп және Рудничный ауылдық округі әкімі аппаратының ғимараттарында тәулік бойы бекітілген 24 бейнекамера орнатылған.

 Мәдени-көпшілік шаралар

Жыл бойы ауылда мемлекеттік, ұлттық және кәсіби мерекелерге арналған концерттік бағдарламалармен және спорттық жарыстармен 28 мәдени-көпшілік, спорттық іс-шаралар өткізілді.:

Ауғанстаннан әскерлерді шығару күні, Халықаралық әйелдер күні, 8 нау-
рыз, Наурыз Мейрамы мерекесі, Қазақстан Халықтарының Бірлігі күні, Отан қорғаушылар күні, Текелі қаласының Мәдениет үйі әртістерінің қатысуымен мерекелік концерт, Ұлы Отан соғысына қатысушыларға арналған Жеңіс күні, мектептегі Соңғы қоңырау іс-шаралары, Балаларды қорғау күні, Астана күні, ҚР Конституциясы күні, қарттар күні, мұғалімдер күні, ҚР Тұңғыш Президенті күні, оқушыларды «Жас Ұлан», «Жас Қыран» қатарына қабылдау маңызды оқиға болды. ҚР Тәуелсіздік күніне арналған мерекелік іс-шаралар өткізілді.

Құрметті ауылдастар!

Тезистерде ауылдың 2018 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі қорытындылары баяндалды. 2019 жылы жұмыс Текелі қаласының Рудничный ауылдық округін дамытудың 2016-2020 жылдарға арналған Бағдар-
ламасының іс-шараларын орындауға, негізгі әлеуметтік-экономикалық мәсе-лелерді шешуге, ауыл инфрақұрылымын жөндеуге және жақсартуға, иесіз нысандарды әрі қарай тұрғындардың игілігі үшін пайдалануға және «Дипломмен ауылға» бағдарламасы шеңберінде мектеп пен амбулаторияға әлеуметтік пакет беру арқылы мамандарды тарту, халықтың тұрмыс деңгейін және тұрмыстық қызмет көрсету деңгейін арттыру жұмыстары жалғасатын болады.

 

Бөлісу
Share on Facebook
Facebook
Tweet about this on Twitter
Twitter
Share on VK
VK

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Өтінемін, өз пікіріңізді енгізіңіз!
Өтінемін, атыңызды мына жерге енгізіңіз