Туған жерді сүю – білуден басталады

0
271

   «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Текелі қалалық балалар мен жасөспірімдерге арналған туристік және өлкетану орталығында өткен форумға қала мектептерінен 150-ге тарта бала қатысты.
Форумда орталық директоры Самат Жаңбырбаев, тарлан тәрбиеші Лариса Саржевская әрбір адамның туған жеріне деген перзенттік сүйіспеншілігінен бастау алатын отаншылдықтың туып-өскен жердің табиғатын, жер-суын, аң-құсын, мүмкіндіктерін бес саусағындай білуімен бітеқайнасып жататын ерекше сезім екенін, десе де, бүгінде қала балаларының бәрі бірдей табиғатпен етене байланыста бола алмайтындықтан, туристік және өлкетану орталығы арқылы ұйымдастырылатын түрлі шараларға қатысудың маңызы зор екенін тілге тиек етіп, форум аясында өтетін туристік және өлкетанудың теориялық білімі бойынша өтетін сайысқа қатысатын команда мүшелеріне сәттілік тіледі.
5-10 сынып оқушыларынан құралған мектеп командалары өлкетану және экскурсиялық бағыт бойынша жұмыстарын қорғады. Өңіріміздің жер бедері картасынан пайдаланып, арнайы дайындалған сұрақтарға жауап берді.
2 кезеңнің қорытынды есебі бойынша кіші топтан №1 орта мектебі 1, №2 орта мектебі 2, №5 орта мектебінің командасы 3-орынды иеленді. Ересек топтардан 1-№4, 2-№1, 3-орынды №8 орта мектебінің командасы еншіледі.

Бөлісу
Share on Facebook
Facebook
Tweet about this on Twitter
Twitter
Share on VK
VK

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Өтінемін, өз пікіріңізді енгізіңіз!
Өтінемін, атыңызды мына жерге енгізіңіз