Жаңа жылдық салаттар мәзірі

0
707
zdorovakrasiva.com

  Әне-міне дегенше жаңа жыл да жақындап қалды. Мерекелік көңіл-күй сыйлайтын салат дайындағыңыз келсе, мына мәзірлерді қарап көріңіз.

фото: zdorovakrasiva.com

«Жаңа жыл» салаты

 фото: img11.postila.ru

Қажетті өнімдер:
300 гр. тауық еті
Дәміне қарай тұз қосылады.
340 гр. консервіленген жүгері
2 дана киви
150 гр. ірімшік
4 дана жұмыртқа
1 дана сәбіз
6-7 ас қасық майонез
Дайындалу тәсілі: Барлық керекті өнімдерді алдын ала дайындап аламыз. Тауық етін, сәбізді, жұмыртқаны қайнату керек. Сосын тауық етін сүйегінен ажыратып, майдалап тураймыз. Сәбіз бен жұмыртқаны ірі үккіштен өткіземіз. Ал, ірімшікті майда үккіштен өткізген дұрыс. Жүгеріні ашып, суын төгіп тастаймыз. Енді осы өнімдерді кезек-кезегімен тәрелкеге қабаттап салу керек. Әрбір қабатының арасына майонез жағып отыруды ұмытпаймыз. Бірінші қабат – жұмыртқа мен майонез. Екінші қабат — тауық еті. Майонез жағып, тұз себеміз. Үшінші қабат – үккіштен өткізілген сәбіз. Төртінші қабат – ірімшік. Ірімшікті салаттың барлық жеріне себеміз. Сосын оның бетіне жүгеріні суреттегідей етіп орналастырып шығамыз. Зәйтүннен доңыздың көздерін жасап, шұжықтан құлағы мен құйрығын жасауға болады. Кивидің қабығын аршып, ортасынан бөлесіз де, жартылай дөңгелек қалпында турап, салатты суреттегідей етіп әсемдеп шығасыз. «Жаңа жыл» салаты дайын!

«Шырша» салаты

 фото: avatars.mds.yandex.net

Қажетті өнімдер:
130 гр. шұжық
100 гр. консервіленген жасыл бұршақ
50 гр. ірімшік
2 дана жұмыртқа
1 дана балғын қияр
1 бума аскөк
2 ас қасық майонез
Әсемдеу үшін қызанақ пен консервіленген жүгері қажет.
Дәміне қарай тұз салынады.
Дайындалу тәсілі: Қиярды текшелеп әрі ұсақтап турау керек. Шұжықты да дәл солай тураймыз. Ірімшікті үккіштен өткіземіз. Барлығын бір табаққа салып араластырып, консервіленген жасыл бұршақты, қайнатылып туралған жұмыртқаны, майонезді саламыз. Дәміне қарай тұз салып, барлығын жақсылап араластырамыз. Енді осы араласпаны тәрелкеге саламыз. Салатты тәрелкедегідей шырша жасай салу қажет. Бетіне майдалап туралған аскөкті себеміз де, қызанақпен, жүгерімен ойыншықтарын жасаймыз. Мінекей, шыршамыз да дайын болды. Астарыңыз дәмді болсын! Жаңа жыл құтты болсын!
Дереккөз: Ernur.kz

Бөлісу
Share on Facebook
Facebook
Tweet about this on Twitter
Twitter
Share on VK
VK

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Өтінемін, өз пікіріңізді енгізіңіз!
Өтінемін, атыңызды мына жерге енгізіңіз