Қызығам жапалақтап жауған қарға

0
631

Ұнайды шұнақ аяз қыс та маған,
Қыраулап ақ ұлпасы ұшпалаған.
Аппақ қар шымылдығы ар жағынан,
Қиялдың қыл шылбырын ұстап алам.

Қызығам жапалақтап жауған қарға,
Ұқсаған ақ көбелек армандарға.
Әлемді көрпесімен қымтай түсер,
Сырылған ақ мақтасы қардан жаңа.

Болғанмен қыс келбеті қату қабақ,
Көңілім қалай оны жатырқамақ.
Тентек жел кәмпит сорған баладайын,
Көк мұзды көлге қатқан жатыр жалап.

Қылтияр қар астында қалған бұтақ,
Кенеттен ойнақ салар алдан сырғақ.
Әудем жер ақ түтекке адастырып,
Кетсе де қиял шіркін алға ұмтылад.
Қыдыр БАЙДҮЙСЕНОВ

Бөлісу
Share on Facebook
Facebook
Tweet about this on Twitter
Twitter
Share on VK
VK

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Өтінемін, өз пікіріңізді енгізіңіз!
Өтінемін, атыңызды мына жерге енгізіңіз