ТАРТЫСҚА ТОЛЫ ТУРНИР

0
296

  Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай 12-14 желтоқсан аралығында жасөспірімдер арасында шағын футболдан қалалық чемпионат өтті.
Спорттың адам өмірінде алатын орны ерекше. Ата-бабамыз «Тәні саудың – жаны сау» деп бекер айтпаған.
Осы орайда, Алматы облыстық жастар ресурстық орталығы, «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтары республикалық штабының Алматы облыстық филиалы, Текелі қалалық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен өткен үшкүндік жарыста текелілік жас футболшылар барын салып, қызықты да тартысты ойын өрнегін көрсете білді.
Чемпионаттың жабылу салтанатында сөз алған облыстық жастар ресурстық орталығы директорының орынбасары Әлия Байғонысова ел еңсесін тіктеген Тәуелсіздік күні мерекесімен барлық қатысушыларды құттықтай келе, осындай шаралар жастарды салауатты өмір салтын ұстануға, зиянды әдеттерден арылтып, бос уақыттарын тиімді пайдалануға жетелейтінін алға тартты.
Жаттықтырушы Сержан Телтаев облысымызда жастар саясатын жүзеге асыруға деген белсенділігі үшін облыстық жастар ресурстық орталығының алғыс хатымен марапатталды.
Ойын нәтижесі бойынша 1-орынды «Сұңқар» командасы иеленді, ал 2-орын «Қыран» командасына бұйырды. 3-орынға «Достық» командасы жайғасты. Сонымен қатар, «Ең үздік қақпашы» аталымымен Мейіржан Құрметбек марапатталса, Ердос Тоқтарханов «Ең үздік шабуылшы», Жұрағат Разбек «Ең үздік бомбардир», Мұхаметқали Абиев «Ең үздік қорғаушы» атанды. Ал Әлішер Елеусіз турнирдің «Ең үздік ойыншысы» ретінде танылды.
Жеңімпаздар мен жүлдегер командалар жарыс кубогы, дипломдар және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Бөлісу
Share on Facebook
Facebook
Tweet about this on Twitter
Twitter
Share on VK
VK

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Өтінемін, өз пікіріңізді енгізіңіз!
Өтінемін, атыңызды мына жерге енгізіңіз