ЖҮЛДЕМЕН ОРАЛДЫ

0
883

  6-8 желтоқсан аралығында Болгария мемлекеті Варна қаласында киокушин KWU-дан өткен әлем чемпионатынан жүлделі оралған каратешілерді текеліліктер қаланың кіреберісінен ерекше ілтипатпен қарсы алды.
Текелі қалалық олимпиадалық резервтегі мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер мектебінің және Алматы облыстық карате федерациясының тәрбиеленушілері Әсемай Акранбек пен Данелия Акатаева әлемнің 32 елінен 700-ге жуық спортшы бақ сынасқан дүбірлі додада тағы бір мәрте абыройымызды асқақтатты. 12-17 жас аралығындағы жасөспірімдер арасында екі күнге созылған бәсекеде намысты қолдан бермеген Д.Акатаева 2-орын, Ә.Акранбек 3-орын иеленіп, арнайы кубок және дипломмен марапатталды. Жас каратеші Елена Дубровина өз мүмкіндігін ойдағыдай көрсете алмаса да белсенділік танытты. Қалалық спорт бөлімінің басшысы Ба-уыржан Тұғылбаев кезекті жемісті жеңістерімен құттықтай келе, шинкиокушинкай каратеден қалалық ОРМБЖМ және Алматы облыстық карате федерациясының жаттықтырушысы Рафаэль Раймановтың еңбегіне және жүлделі спортшылар мен ата-аналарына алғыс білдірді.
Нұржан МАХАББАТҚЫЗЫ

Бөлісу
Share on Facebook
Facebook
Tweet about this on Twitter
Twitter
Share on VK
VK

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Өтінемін, өз пікіріңізді енгізіңіз!
Өтінемін, атыңызды мына жерге енгізіңіз