Еркін күрестен алар еншіміз бар

0
51

   Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай Кербұлақ ауданында өткен облыстық турнирде ОРМБЖМ тәрбиеленушілері жақсы нәтиже көрсетті.
Жасөспірімдер арасында өткен турнирге облысымыздың жер-жерінен 200-ге тарта спортшы қатысып, ОРМБЖМ еркін күрестен жаттықтырушысы Бақыт Есенбаевтың шәкірттері 32 келі салмақта Мырзағали Ершеев 1-орынды жеңіп алса, 29 келі салмақта Батыржан Еркінұлы мен Мирас Қабдығали 2-орынды иеленді.
Мұны жыл басынан «Батыр» спорт залында оқушыларды еркін күреске баулап келе жатқан Б.Есенбаевтың қажырлы еңбегінің жемісі деуге болады. Қазір қаламыздағы мектептерден 30-ға тарта бала күрестің осы түріне қатысып жүр. Демек, алдағы уақытта жас спортшыларымыздың еркін күрестен де өз еншісін алатынына сенім мол.
Ақан ЫРЫМЖАНҰЛЫ

Бөлісу
Share on Facebook
Facebook
Tweet about this on Twitter
Twitter
Share on VK
VK

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Өтінемін, өз пікіріңізді енгізіңіз!
Өтінемін, атыңызды мына жерге енгізіңіз