Заң білген адаспайды

0
79

  Текелі кәсіптік колледжінде «Заңды білмеу – құқықбұзушылыққа жол» атты дөңгелек үстел өтті.
Алдымен сөз алған колледж директоры Дәуболат Нүсіпов ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің бастамасымен азаматтардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасын қалыптастыру, әсіресе, жас буынның құқықтық санасы мен мәдениетін арттыру мақсатында Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне орай 9 қараша мен 9 желтоқсан аралығын қамтитын сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағыттағы іс-шаралар айлығы өтіп жатқанын, соның аясында аталған оқу орнында да жемқорлықтың халық мүддесі мен мемлекет болашағына әкелер қаупі және оған қарсы сана қалыптастыру мақсатында түрлі шаралар өткізіліп жатқанын атап өтті.
Колледждегі белсенді студенттерден құрылған «Саналы ұрпақ» тобының мүшесі Дамила Несіпжанова 2018-2019 оқу жылында топ мүшелерінің мұрындық болуымен өткізілген сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбиелік мәнді іс-шаралар туралы баяндады.
Дөңгелек үстелде Текелі қалалық прокуратурасының прокуроры Бекзат Ирузаков сыбайлас жемқорлыққа итермелейтін түрлі қоғамдық себептерге кеңінен тоқталып, студенттердің қойған сұрақтарына жауап берді. Сонымен бірге қалалық полиция бөлімінің кәмелеттік жасқа толмағандар ісі жөніндегі аға полиция инспекторы, полиция аға лейтенанты Аяулым Дюзгенбекова қоғамдық тәртіп жайында баяндап, жастарды заң нормаларын жақсы білуге және оған құрмет етуге шақырды.
Колледж директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Назгүл Баракова аталған айлық аясында оқу орнында дебат, КТК және сынып сағаттары өткізіліп, құқықтық тәрбие шаралары ұйымдастырылып жатқанын жеткізді.

Бөлісу
Share on Facebook
Facebook
Tweet about this on Twitter
Twitter
Share on VK
VK

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Өтінемін, өз пікіріңізді енгізіңіз!
Өтінемін, атыңызды мына жерге енгізіңіз