ҰРПАҚҚА ҚАЖЕТ ҚҰНДЫЛЫҚ

0
68

   Кең-байтақ қазақ даласы нағыз мәдениеттің, өркениеттің бастауы болғанын айқындап берген Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы халқымыздың рухани жаңғыруына, түп-тамырын тереңдей тануына үлкен жол ашатын еңбек екені сөзсіз.
Ата-бабамыздан қалған бай мұраны шашауын шығармай, қадір-қасиетін жоғалтпай келешек ұрпаққа аманат ету біздің парызымыз. Мемлекет басшысы: «Біз басқа халықтардың рөлін төмендетіп, өзіміздің ұлылығымызды көрсетейін деп отырғанымыз жоқ. Ең бастысы, біз нақты ғылыми деректерге сүйене отырып, жаһандық тарихтағы өз рөлімізді байыппен әрі дұрыс пайымдауға тиіспіз», – деп, атқа міну мәдениеті, ежелгі металлургия, аң стилі, Алтын адам, түркі әлемі, Ұлы Жібек жолы, алма мен қызғалдақ жайлы толғамды ойларын айтып, осы құндылықтарымызды жан-жақты екшеп, ашылмаған қырларын қаузап, алдымен өз елімізге, одан кейін дүниежүзіне таныту үшін, бірнеше жобаларды ұсынды. Бұл жобалардың жемісін келер ұрпақ көреді деп ойлаймын. Бүлдіршіндердің санасына ұлттық тәрбиенің шуағын сіңіріп жүрген балабақша тәрбиешісі ретінде бұл рухани серпіліске ерекше қуандым. Енді біз де Ұлы даламыздың жеті қырының жаңалықтарын балаларымызға асыға жеткізетін боламыз.
Айнұр ЖЕКСЕМБАЕВА, №2 балабақша тәрбиешісі

Бөлісу
Share on Facebook
Facebook
Tweet about this on Twitter
Twitter
Share on VK
VK

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Өтінемін, өз пікіріңізді енгізіңіз!
Өтінемін, атыңызды мына жерге енгізіңіз