Полиция – халықтың қорғаны

0
66

   Қоғам мүшелерін, соның ішінде, жастар мен жасөспірімдерді полиция қызметімен таныстыру, сондай-ақ, олардың заңдық білімін арттыру, заң-ережелерге саналы бойұсыну дағдысын қалыптастыру мақсатында 27-29 қараша күндері Текелі қаласында «Мен және менің полициям» атты акция өтті.
Акция аясында Текелі кәсіптік колледжінің студенттері қалалық полиция бөлімінде болып, полиция қызметкерлерінің күнделікті жұмысымен танысты.
Кәмелеттік жасқа толмағандар істері жөніндегі аға полиция инспекторы, полиция аға лейтенанты Аяулым Дюзгенбекова биыл жыл басынан бері кәмелеттік жасқа толмағандардың қатысуымен орын алған түрлі заңбұзушылықтар және оларға қолданылған шаралар туралы баяндап, жастар мен жасөспірімдердің арасында болатын заңбұзушылықтардың басым бөлігі темекі тарту, ішімдік ішу, түнде көше кезу, әлімжеттік секілді жаман әдеттермен байланысты екенін атап өтті. Егер, басқалар әлімжеттілікпен бопсалап қорқытса, ақша талап етсе, жасырып қалмай оны учаскелік полицияға жасқанбай айтуы, сондай-ақ, әрбір адам өзі тұратын маңдағы учаскелік полиция пунктін және учаскелік полиция қызметкерлерінің аты-жөні мен байланыс телефонын білуі керектігін еске салды.
Шара барысында студенттер полиция қызметкерлерінің жұмысымен танысты.

Бөлісу
Share on Facebook
Facebook
Tweet about this on Twitter
Twitter
Share on VK
VK

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Өтінемін, өз пікіріңізді енгізіңіз!
Өтінемін, атыңызды мына жерге енгізіңіз