Өлең өзегі – туған жер

0
71

    Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында осы аптада №6 орта мектебінде оқушылардың шығармашылығына арналған патриоттық өлеңдер байқауы өтті.
Қалалық білім бөлімінің ұйымдастыруымен өткен байқаудың басты мақсаты – жас ұрпақтың туған еліне, жеріне деген перзенттік сүйіспеншілігін арттыру, туған тілін жетік меңгеріп, оны құбылта білуге дағдыландыру.
4-6 сынып оқушылары қатысқан байқауда ақынжанды балаларға өз өлеңдерін жатқа және мәнерлеп оқу, сондай-ақ, өлеңнің құрылымдық ерекшеліктерін сақтау, тақырыпты аша білу талаптары қойылды, сахна мәдениетіне де назар аударылды.
Нәтижесінде №2 орта мектебінің оқушысы Нұрдәуір Есболатұлы мен №6 орта мектебінің оқушысы Камила Садиева 1-орынды иеленді. 2-орынды №4 орта мектебінің оқушысы Сымбат Анарбай, №5 орта мектебінің оқушысы Елнар Тілеуқабыл және №1 орта мектебінің оқушысы Нұрай Сағадиева еншіледі. 3-орынға №5 орта мектебінен Толғанай Қасенова, №1 орта мектебінен Орал Қосынғали, №6 орта мектебінен Марат Сейіл және №2 орта мектебінен Ксения Баранова жайғасты.
Жүлдегерлер арнайы дипломдармен марапатталды.

Бөлісу
Share on Facebook
Facebook
Tweet about this on Twitter
Twitter
Share on VK
VK

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Өтінемін, өз пікіріңізді енгізіңіз!
Өтінемін, атыңызды мына жерге енгізіңіз