Кемеңгер көшбасшы

0
68

    Мен, тәуелсіз елде өмір сүріп жатырмын. Армандай аламын, алдыма мақсат қоя аламын. Тәуелсіз деген ұғымның мәні осы емес пе?! Тәуелсіз Қазақстанымның іргетасын қалап, ерекше ерен еңбек пен елдің даму жолында жығылмай жылжып келе жатқандығы Елбасының ұлы көсем екендігін аңғартпай ма? Адам өткенін ескермей, білмей, келешекке нық қадам жасай алмайды. Елбасының өткені мен бүгіні – әрбір қазақ баласына өнеге алар тәрбиенің қайнар көзі десем артық айтқаным емес.
Ел тірегі Елбасының дүниеге келгеннен бастап осы күнге дейінгі тарихын білу – қара көз қызғалдақтар мен қара домалақ әр қазақ баласына парыз деп ойлаймын. Елбасының тарихынан сыр шертер болсақ, жастайынан жас Нұрсұлтанды ерекшелеген қасиет ол – пікір айтудағы және әрекет етудегі дербестік пен
жетекшілікке тұрақты ұмтылысы екендігін көруге болады. Соның арқасында әрбір бастаған ісі аяқсыз қалмай, белгілі бір нәтижеге жетумен ұласып жатты. Қазақ даласының кеңге құлаш жайып, өркендеуі, өсіп-өнуі Елбасының көрегендігі мен астарлы саясатының арқасы. Қазіргі қоғам Абай мен Шәкәрімнің заманынан мүлдем басқа болса да, біз сияқты жастардың бойында патриот, мәңгілік еліміздің мәңгілік тілінің ғұмыры ұзақ болуы үшін кейінгі ұрпақтың жүрегінде туған тіліне, еліне жанашырлықпен қарайтын оттың ұшқынын оятуға бар жағдайды жасап, мүмкіндік беріп отырғаны бәрімізге аян.
Елбасымыздың соңғы Жолдауларында оқу-білімге басты назар аударып отыр. Мысалы, ана тілімізді асқақтату, биікте ұстау, үштұғырлы тілдің маңыздылығы, барлық мектептердің компьютермен жабдықталуы сияқты міндеттер болашақ білімді жастардың қолында екен-дігін дәлелдейді. Осындай жұмыстар еліміздің одан әрі өркендеуіне өз септігін тигізіп жатқандығына мен кәміл сенемін.
Елбасы толық аумақтық тұтастықты сақтау арқылы тәуелсіз мемлекеттің іргесін нығайтып, тұрақтылық пен қоғамдық бірлікті қалыптастыру арқылы қазағымның ынтымағы жарасқан, достық атты теңдессіз құндылыққа ұйыған, тілегі бір ұлттардың сәулетті отанына айналдырды.
Абзал ағамыз Бәйкен Әшімовтің: «Екі тізгін бір шылбырды қолына еркін бергеннің арқасында, ел бастаған еріміз деп бүкіл халық боп сенгеннің арқасында, азаматымыз алға апарады деп соңынан ергеннің арқасында Нұрсұлтан Әбішұлы елдің көшін бір белестен бір белеске биіктетіп алып бара жатыр. Тоқсаннан жасы асқан мына маған енді ештеңенің де керегі жоқ. Тек елдің тыныштығы, жердің бүтіндігі, елдің мерейі керек. Соның бәріне халқымызды жұмылдыратын, алыс асқарларға ұмтылдыратын азамат бізде бар. Нұрсұлтан Әбішұлының бастауымен біздің алар асуларымыз әлі алда. Елбасымыздың бергені көп, берері одан да көп. Ендеше, азаматтың тілеуін тілейік»,– деген сөзінде Елбасына деген үлкен сенім жатса, халқына Елбасына қолдау көрсету керектігін аманаттағаны анық көрініп тұр. Алланың қалауымен текті қазақ даласының қасиетті қара топырағында дүниеге келгеніме сансыз шүкір етемін. Біздің болашағымыз жарқын, сол жарқын болашаққа бастайтын кемеңгер Елбасымыз бар.
Әмина ДҮЙСЕБАЕВА, №5 ОМ оқушысы

Бөлісу
Share on Facebook
Facebook
Tweet about this on Twitter
Twitter
Share on VK
VK

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Өтінемін, өз пікіріңізді енгізіңіз!
Өтінемін, атыңызды мына жерге енгізіңіз