Достықты ту еткен турнир

0
75

  Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай Текелі қаласының әкімі Бахтияр Өнербаевтың жүлдесі үшін Ауған соғысы ардагерлері арасында бильярдтан облыстық турнир ұйымдастырылды.
«Fly fitness» спорттық сауықтыру клубында өткен турнирге Ауған соғысы ардагерлерінен 20-ға тарта адам қатысты. №5 орта мектебінің жоғары сынып оқушыларынан құрылған «Азамат» әскери-патриоттық үйірмесінің мүшелері бильярд ойынын тамашалап, ардагерлердің естеліктерін тыңдады.
Еске сала кетсек, келесі жылы ақпан айында Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына 30 жыл толады. Сол соғысқа қатысқан 22 мың қазақстандық сарбаздың 761-і қаза тапты, 21-і із-түссіз кетті, жарымжан, мүгедекке айналғандары қаншама. Тарих қойнауына кетіп бара жатса да, үлкенді-кішілі соғыстардың ызғары әлі қайтқан жоқ. Құрлықтардың жекелеген аймақтарында оқ атылып, бомбалар жарылуда, бейкүнә адамдар зардап шегуде.
Демек, мүдделер қақтығысында өзара келісім мен түсіністікке шекеден қарау жеке адамдардан бастап тұтас бір халықтың, тіпті мемлекеттердің тағдырына саятын күрделі мәселелерге ұрындыруы әбден мүмкін. Сондықтан да Елбасы Н.Назарбаевтың бейбітшілікті, өзара келісім мен түсіністікті негіз еткен сындарлы саясаты еліміздің ішкі тұрақтылығы үшін де, күрделене түскен халықаралық жағдай тұрғысынан да өте маңызды. Біз бабалар аңсап өткен тәуелсіздіктің қадір-қасиетін бағалай білуіміз, қолымыз жеткен жетістіктерімізді одан ары дамытып, береке-бірлікпен игілігімізді еселей түсуіміз керек. Сонда ғана тарихтың кез келген сынағынан сүрінбей өте аламыз. Осыны тілге тиек еткен қала әкімі Бахтияр Өнербаев көпшілікті ҚР Тұңғыш Президенті күнімен құттықтады. Сондай-ақ, бүгінгі бейбіт өміріміздің әр саласында еңбек ете жүріп, жастардың бойына отаншылдық рухты сіңіру бағытындағы тәрбие жұмыстарына белсене атсалысып келе жатқан Ауған соғысы ардагерлеріне ризашылығын жеткізіп, көтеріңкі көңіл-күй тіледі. Жастарды тәуелсіздіктің, бүгінгі бейбіт өмірдің қадір-қасиетін бағалай білуге шақырды.
Достықты ту еткен турнирде ардагерлер бильярд үстеліндегі мергендіктерін сынға салды. Тірлік қамы, өмір күйбіңімен бастары қосыла бермейтіндіктен емен-жарқын әңгімелесіп, арқа-жарқа болып қалды. Мерекелік дастарқаннан дәм татты.
Жарыс кешке дейін жалғасты. Қорытынды есепте 1-орынды Алматы облыстық ардагерлар ұйымының төрағасы Қайрат Жаңабаев иеленсе, 2-орынға Талдықорған қаласынан Талғат Мамыраев, 3-орынға Үштөбе қаласынан Берікқали Жексенбаев жайғасты. Қаламыздың тұрғыны Геннадий Тарханов – «Турнирдің ардагер ойыншысы», Талғат Бердіқанов – «Жеңіске ерік» аталымдарын еншіледі.
Жүлдегерлер арнайы кубоктармен, грамота, алғыс хаттармен марапатталды.

Бөлісу
Share on Facebook
Facebook
Tweet about this on Twitter
Twitter
Share on VK
VK

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Өтінемін, өз пікіріңізді енгізіңіз!
Өтінемін, атыңызды мына жерге енгізіңіз