БОЛАШАҚТЫҢ ЖАРҚЫН БАСТАМАСЫ

0
63

   Өткен аптада қалалық жастар орталығында қала әкімінің орынбасары Сері Болысбайұлының төрағалығымен жастар ісі жөніндегі кеңес отырысы өтті.
Күн тәртібіне сай, қалалық полиция бөлімі жергілікті полиция қызметінің бастығы, полиция подполковнигі Ә.Байсеитов жастар арасында құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында қалалық полиция бөлімінде есепте тұрған жасөспірімдердің құқықбұ-зушылық әрекеттер жасамауына, олардың бос уақыттарын тиімді пайдалануына ықпал ету және кәмелетке толмағандар арасында құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша атқарылған жұмыс жайлы мағлұмат берді.
Қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы Н.Шоханова жастар арасында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу мақсатында атқарылған іс-шаралар легімен таныстырып, елдің татулығы мен бірлігі жолында аянбай еңбек етуге үндеді.
Қалалық кәсіпкерлер палатасының директоры Т.Жұмаділов «Бизнес-кеңесші» жобасы жайында баяндады.
Жастар ресурстық орталығының жетекшісі С.Қадыкенова мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру мақсатында жастармен жүргізілген жұмыстар туралы айтты. Сондай-ақ, облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында құрылған полицияға қолдау көрсетуші «Жалын» студенттік жасағына қабылданған жастарға куәліктер табысталды. Қала әкімінің орынбасары С.Болысбайұлы жиынды қорыта келе, келесі жыл «Жастар жылы» деп жарияланғанын, бұл бастама жастардың алдында барлық жолдарды ашатынын, өскелең ұрпақ тың идея жинап, оны үнемі жетілдіру керектігін айтып, жұмыссыз жастарды орталыққа тарту мәселесі бойынша нақты тапсырмалар жүктеді.

Бөлісу
Share on Facebook
Facebook
Tweet about this on Twitter
Twitter
Share on VK
VK

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Өтінемін, өз пікіріңізді енгізіңіз!
Өтінемін, атыңызды мына жерге енгізіңіз