Айтыстың жас жүйріктері

0
70

  №4 орта мектебінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Отаным – тағдырым» базалық бағыты аясында «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» атты жас ақындар айтысы өтті.
Ұлтымыздың рухани бай қазынасында шоқтығы биік бір өнер болса, ол – айтыс. Көкейдегі көрікті ойды көркем тілмен тез арада төге білу, суырып салмалықтың небір оралымды өрнектерін көрсету талантты айтыскерлердің бабында екенін білдіреді. Ал қауырсын қанаттары енді қатып келе жатқан жас өрендердің бойындағы жылт еткен дарын дәнегін байқап, оларды сөз әлеміне жетелеу, сахнаға шығару нағыз ұстаздың есіл еңбегін талап етеді. Осы үдеден шығып жүрген №4 орта мектебінің ұстазы Гүлмира Өтепова қала мектептеріндегі жас талаптарды айтыс сахнасына шақырды. Кез келгеннің тәлейіне бұйырмайтын кірпияз өнер болғандықтан, айтысқа қатысушылар саны аз болғаны рас. Дегенмен, көрерменнің көзайымына айналып, шамаларына қарай шаба білген жас жүйріктер көпшілік ықыласына бөленді. Әсіресе, айтыстың жас тұлпары Есхат киелі сахнаға жан бітіріп, ойлы тіркес-
терімен тәнті етті, жарасымды әзілдерімен езу тартқызды. Қорытындысында болашағынан мол үміт күттіретін №4 ОМ оқушысы Есхат Тәлет бас жүлдеге ие болса, №5 ОМ үміті Бақберді Айқын 2-орын, №4 ОМ оқушысы Айсұлтан Шаттық 3-орын иеленді.

Бас редактор

Бөлісу
Share on Facebook
Facebook
Tweet about this on Twitter
Twitter
Share on VK
VK

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Өтінемін, өз пікіріңізді енгізіңіз!
Өтінемін, атыңызды мына жерге енгізіңіз