ХАЛЫҚТЫҚ ӘУЕН ӘУЕЛЕГЕН ФЕСТИВАЛЬ

0
101

   Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру аясында қалалық Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі мен Мәдениет үйі бірлесіп күй және дәстүрлі ән жанрына арналған «DOMBYRA PARTY» шығармашылық фестивалін ұйымдастырды.
Алғаш рет өтіп отырған фестивальге қатысқан өнерпаздарды құттықтаған қалалық Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Марат Дәуренбаев халқымыздың рухани болмысын күй және дәстүрлі ән өнерінсіз елестету мүмкін еместігін тілге тиек етіп, жастайынан домбыраға үйір болып, жан сарайын халықтық әуенмен әлдилеген өнерпаздарға ризашылығын жеткізді, сондай-ақ, фестиваль келесі жылдан бастап тұрақты түрде өткізілетінін еске салды.
Фестивальге қатысқандар жас санатына қарай ересектер және балалар болып екі топқа бөлінді. Дәстүрлі ән жанры бойынша ересектерден Жігер Бөкен 1-орынды иеленсе, 2-орынға №4 орта мектебінің оқушыларынан құрылған «Домбыра» квартеті жайғасты. Екі 3-орынды балалар арасынан №8 орта мектебінің оқушысы Айгерім Рахымбаева мен №1 орта мектебінің оқушысы Айназым Қосынғали еншіледі. Жүлдегерлерді қалалық балалар шығармашылығы орталығының директоры Светлана Бейіспекова арнайы дипломдармен марапаттап, олардың халықтық өнердегі қадамдарына сәттілік тіледі. Еске сала кетсек, фестивальдің жүлдегерлері «Домбыра» және А.Рахымбаева мен А.Қосынғали балалар шығармашылығы орталығының тәрбиеленушілері.

Бөлісу
Share on Facebook
Facebook
Tweet about this on Twitter
Twitter
Share on VK
VK

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Өтінемін, өз пікіріңізді енгізіңіз!
Өтінемін, атыңызды мына жерге енгізіңіз