ЖЕКЕ СОТ ОРЫНДАУШЫЛАР ИНСТИТУТЫНЫҢ ДАМУЫ

0
98

  Баршамызға мәлім, 2015 жылдың 5 мамырында Астана қаласында өткізілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кеңейтілген отырысында Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев мемлекет алдында бес институционалдық реформаны жүзеге асыру мақсатын қойды. Онда реформаны орындауға бағытталған 100 нақты қадам айқын белгіленген.
Негізгі реформалардың бірі – «Заңның үстемдігін қамтамасыз ету» болып табылады. Осы реформа жеке сот орындаушылар институтын одан әрі дамытуды және сот орындаушыларының мемлекеттік қызметін біртіндеп қысқартуды көздейді.
«100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 27-қадамын жүзеге асыру қазіргі таңда біздің де облысымызда қарқынды түрде жүргізілуде. Аталған «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 27-қадамын жүзеге асыру барысында сот орындаушыларына қатысты заңнамаларға бірқатар өзгерістер мен толықтырулар енгізілген болатын. Күшіне енген заңнамада халықаралық озық тәжірибелерге сәйкес келетін қағидалар белгіленіп, күші жойылған заңнамалардың кемшіліктері ескерілген.
Қабылданған өзгерістер мен толықтырулар негізінде жеке сот орындаушылары мен мемлекеттік сот орындаушыларының құзыреті елеулі түрде бөлуге бағытталып, ары қарай барлық санаттағы атқару құжаттарының жаппай жеке сот орындаушыларына берілуін көздейді.
Атап өткен жөн болар, қазіргі уақытта Алматы облысында жалпы саны 106 жеке сот орындаушы қызмет жасауда, ал мемлекеттік сот орындаушылары аталған мақсатты орындау негізінде қысқартылып, бүгінгі таңда облысымызда тек 11 сот орындаушы қызмет атқаруда. Алдағы уақытта «Ұлт жоспарының» 27-қадамына сәйкес қысқарту жұмыстары бұдан әрі жалғасады.
Себебі, «100 нақты қадам» Ұлт жоспары аясында мемлекеттік сот орындаушыларын толыққанды қысқартылуы көзделіп, барлық санаттағы атқару құжаттарын орындау тек жеке сот орындаушыларының құзырына берілуі негізгі талап болып отыр.
Осыған орай, қазіргі таңда мемлекеттік сот орындаушыларының орындауындағы ішінара орындалып жатқан алимент өндіруге қатысты атқару құжаттарын талапкерлерге кері қайтару шаралары басталғандығын ескертеміз.
Алайда, аталмыш атқару құжаттарының орындаусыз талапкерлерге кері қайтарылуы, бұл атқару құжаттарының әрі қарай орындалуы үшін жеке сот орындаушыларына тапсыруға ешқандай кедергі жоқ екендігін және атқару құжаттарының толыққанды орындалуы үшін талапкерлер тарапынан аталған құжаттар жеке сот орындаушыларына міндетті түрде орындауға тапсырылуы қажет екендігін хабарлаймыз.
Бұл шаралардың барлығы орындауға жататын сот актілерінің тұрақты, нақты, әрі уақытылы орындалуын қамтамасыз етудің басты кепілі деп есептейміз.
Гүлжан ЕСКЕНДІРОВА, сот орындаушы

Бөлісу
Share on Facebook
Facebook
Tweet about this on Twitter
Twitter
Share on VK
VK

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Өтінемін, өз пікіріңізді енгізіңіз!
Өтінемін, атыңызды мына жерге енгізіңіз